Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 17 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазақмыс корпорациясына» қарасты бірқатар кеніште ереуіл жалғасып жатыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/12/2024

«Қазақмыс корпорациясына» қарасты бірқатар кеніште ереуіл жалғасып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Жыланды кенішінен басталған ереуіл әлі де жалғасып жатыр.

Жұмысшылар 2024 жылы 17-18 желтоқсанда ұжымдық талаптарын білдіріп, жалақыны 2 есе көтеруді талап етіп ереуілге шыққан еді. Азаттық радиосына пікір білдірген ереуілшілердің бірі:

«Біз өте қауіпті жерде жұмыс істейміз. 12 сағатқа жер астына түскенде кері шықпауымыз да мүмкін. «Қазақмыс» игеріп жатқан мемлекет байлығының қалай, қайда кетіп жатқанын да білгіміз келеді», – деген.

Осыған қарамастан, Еңбек министрлігі «Қазақмыс» жұмысшыларының ереуілі мен талабы «еңбек заңнамасының ережелерін бұзды»  деп мәлімдеді. Министрліктің түсіндіруінше,  жұмыскерлер өз талаптарын алдымен жұмыс берушіге ресми түрде жеткізуі керек. Егер мәселе туындаса, оны татуластыру комиссиясы қарауы қажет. Бұл талаптарды қарау кезінде өндірісті тоқтатуға болмайды. Заңда белгіленген ережелерді бұзу жұмыскерлер үшін тәртіптік жауапкершілікке әкеледі.

«Қазақмыс» корпорациясы 19 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-де Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының қызметкерлері жұмысқа шыққанын айтты. Бұған дейін жұмысшылар әріптестерін қолдау үшін жұмысты уақытша тоқтатқан еді. Алайда барлық кеншінің жұмысқа шыққаны туралы жұмысшылар тарапы өздері растаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ереуілшілердің негізгі талаптары – жалақыны халықаралық нарықта мыс бағасының өсуі, доллар бағамының көтерілуі, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы аясында 30%-ға көтеру. Сондай-ақ, жаңа талаптар ретінде жалақыны 100%-ға арттыру және мемлекеттік органдар тарапынан қысымды төмендету.

Осыған дейін жұмысшылар талабына жауап берген «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бас директоры қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін, жыл сайын жалақыны өсіріп отырғанын айтты.

«Қазақмыс корпорациясы» 2025 жылдан бастап индекстеу 2024 жылы Ұлттық статистика бюросы  ресми түрде белгілеген инфляция деңгейіне жүргізіледі деді.

 «Жалақыны 8,5%-ға арттырған кезде корпорация бойынша орташа жалақы 822 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 730 431 теңге), ал жерасты жұмысшылары үшін — 1 303 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 1 202 000 теңге) өседі», – деді корпорация.

Бұл жерде кен орындарындарындағы еңбек ұжымдарының талаптарында айырмашылық бар екенін түсіну керек. Бірі еңбек жағдайын жақсартуға, енді бірі жалақыны көтеруге басымдық беруді сұрап отыр. Жұмысшылар инфляция деңгейінде жалақыны өсіруге келіспей отыр. Аноним дереккөз арқылы жұмысшылар нарызылығы басылмағанынан хабардар болдық.

 

Сурет: kazgazeta.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі «Қазақмыс» корпорациясы Ереуілшілер Жайсаң кеніштері Жалақы Жезқазған мыс қорыту зауыты Саяқ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

17/06/2025
Өте өзекті

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

17/06/2025
жаңалық

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025

Жаңа мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

жаңалық 17/06/2025

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

Өте өзекті 17/06/2025

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

жаңалық 16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

Экономика 16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

Экономика 16/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

17/06/2025

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

17/06/2025

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.