Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Әлеуметтік зерттеу: Қазақстанда тұтынушылардың қай салаларға көңілі толмайды?
Наргиза Ерес Шолу 17/12/2024

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстанда тұтынушылардың қай салаларға көңілі толмайды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау деңгейі жыл сайын артып келеді. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің зерттеу материалын жариялады.  Азаматтар құқығын қорғау жөнінде уәкілетті органдарға  2020 жылы – 21 мың өтініш, 2023 жылы – 50 мың өтініш, 2024 жылы – 56 мың өтініш жолдаған.

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бөлшек сауда (38,6%), электрондық коммерция (23%) және тұрмыстық қызмет (9%) салаларында ең көп шағым тіркелген. Оған қоса қаржы (182,1%), білім беру (121,1%) және туристік қызметке (116,8%) байланысты арыз-шағым көбейген.

  • Респонденттердің 76%-ы қаладағы қоғамдық көліктерге көңілі көншімейді. Қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы бойынша Батыс Қазақстан 89% көрсеткішпен «көш бастап тұр». Шығыс Қазақстан (88%), Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстарында респонденттердің көпшілігі (84%-ы) «қанағаттанбайды». Ал Астана тұрғындарының 80%-ы қалалық көліктің қызмет сапасына риза екенін айтады.
  • Теміржол және автомобиль салаларында қозғалыс кестесінің сақталмауы, қызметкерлердің дөрекілігі мен антисанитариялық жағдайларға қатысты көп шағым түскен. Теміржолды пайдаланушылардың 64%-ы, автомобиль пайдаланушылардың 71%-ы сервис сапасына наразы екендерін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың жауабына сәйкес, Қарағанды облысында бұл жағдай жиі (83%) кездеседі. Қостанай, Қарағанды және Жетісу облыстарында теміржолдағы жайтқа жиі шағымданады. Атырау және Жетісу облыстарында автомобиль жайы – басты мәселе.
  • Туризм саласында сапасыз қызмет көрсету мен уәде етілген жағдайлардың орындалмауы сауалнамаға қатысқандардың 52,6%-ына ұнамайды. Соның ішінде Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары туристік қызметтерге көп шағымданған.
  • Ал электронды сауда бойынша тауарлардың сипаттамаға сәйкес келмеуі, ақша қайтарудағы қиындық, сатушылар туралы ақпараттың болмауы тұтынушылардың шағымдауына себеп болған. «Қанағаттанбаймын» деген жауап нұсқасын көбінесе Ақтөбе облысының тұрғындары (261), Солтүстік Қазақстан облысының (200) және Астана қаласының тұрғындары (200) белгілеген, қалған облыстар бойынша респонденттер жауаптарының үлесі бірдей.
  • Сауалнамада қамтылған маңызды салалардың бірі – медицина. Респонденттердің 41%-ы медицина қызметкерлердің біліктілігі жетпейтініне, емделушілерге дөрекілік танытатын мамандарға және санитарлық нормалардың бұзылуына көңілі толмайды.
  • Білім беру саласында респонденттердің көпшілігі білім беру қызметтерін көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын «Білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің біліктілігі жоқ» деген жауапты таңдаған. Бұл сұрақ бойынша сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы мемлекеттік мекемелердегі, 28%-ы жеке мекемелердегі мамандардың біліктілігі нашар деп ойлайды.
  • Бөлшек сауда секторында тұтынушылар құқығы жиі бұзылғаны байқалады. Атап айтқанда кассада көрсетілген бағаның сақтамалмайтынына (сөреде өзге бағаның болуы), тауардың сапасының төмен болғанына тұрғындар наразы.

145 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«2024 жылы 56 мың өтініштің 45%-ы толық көлемде қанағаттандырылды, 35% — ы түсініктемелер мен консультациялар алды, ал 15,7%-ы ғана басқа органдарға жіберілді. Бұл әрбір екінші тұтынушы өз сұрауына жауап алғанын көрсетеді. Азаматтардың құқықтарын қорғау үшін 1217 жоспардан тыс тексеру және 287 алдын алу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 145 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  8,6 млн теңге айыппұл салынды. Бір жыл ішінде тұтынушылардың құқықтары 1,7 млрд теңгеден астам сомаға қалпына келтірілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 163%-ға артық», — деп хабарлады комитет.

Комитет алдағы уақытта тұтыншушылар құқығын қорғау үшін омбудсман тағайындауды, сондай-ақ электронды саудадағы тұтынушылар құқығын күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Тұтынушылардың 37%-ы құқығын қорғауға дайын

Өтініштердің жыл сайын өсуі тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауға ден қойып келе жатқанын көрсетеді.

«Қазіргі тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің сапасына барған сайын талапшыл болып барады», — дейді комитет мамандары.

Мысалы, «Қазақстанда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң бар екенін білесіз бе?» – деген сауалға респонденттердің 91%-ы заңнама жөнінде хабардармын деген нұсқаны белгілеген.

Сауалнамаға қатысқандардың 37%-ы тұтынушылардың құқықтары туралы толық ақпаратқа қанық болса, өз мүддесін дербес қорғауға дайын екенін көрсетті.

Заңнаманы білуге басты кедергі деп тұрғындар «Оқуға құлықсыздық» (25%) мен «Құқықтық көмектің болмауы» (36%) деп санайды. Ең аз пайыз «уақыттың жетіспеушілігі» (7%) деген нұсқаға тиесілі.

Сурет: pexels.com

 

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
антисанитариялық жағдай Бөлшек сауда қоғамдық көлік медицина Теміржол саласы Туризм саласы Тұтынушылар құқығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025
Шолу

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

01/07/2025

Жаңа мақалалар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

sarapshy.info 03/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.