Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстандағы импорт үлесі 10 айда 3,3%-ға кеміді
Наргиза Ерес sarapshy.info 17/12/2024

Қазақстандағы импорт үлесі 10 айда 3,3%-ға кеміді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,9 млрд АҚШ доллары болды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,5%-ға жетті (+1,1% қаңтар-қыркүйекте). Қазақстанның басты сауда серіктесі – Қытай, оның сыртқы саудадағы үлесі – 21,0%.

Биыл Қазақстаннаың экспорт көлемі – 68,4 млрд АҚШ доллары болса, жылдық өсім +5,1%. Экспортталған негізгі тауарлар – отын-энергетика – 58,3%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар – 13,3%, химиялық өнімдер – 7,8% және машиналар мен жабдықтар – 5,8%. Яғни Қазақстан экспортының 78,4%-ы ешқандай күрделі өңдеуден өтпеген шикізатқа тиесілі.

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында импорт – 48,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде болды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға азайған.

Импортталған тауарлардың ішінде машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және аппараттар үлесі – 42,6%. Химиялық өнімдер – 15,9%, азық-түлік өнімдері – 11,6%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар – 10,1%.

Ал Қазақстан мен ЕАЭО елдері (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) арасындағы сауда көлемі биыл 24,1 миллиард доллар болды. Бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға азайды.

Көрсетілген мерзімде елдің сыртқы саудасы пайдамен аяқталды, өйткені шетелге сатқан тауарлардың көлемі шетелден сатып алған тауарлардан көп болып тұр.

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары және үлесі (%):

Италия – 24,0%
Қытай – 17,9%
Ресей – 11,0%
Нидерланды – 6,6%
Франция – 4,7%

Қазақстан импортының негізгі бағыттары және үлесі (%):

Ресей – 29,7%
Қытай – 25,5%
Германия – 4,9%
АҚШ – 3,9%
Франция – 3,2%

«Сыртқы сауда айналымы қатарынан екінші рет позитивті аймақта тұр. Бұл импорттың баяулауына және экспорттың өсуіне байланысты. Айта кететін жайт, импортың айлық өсімнің рекордтық деңгейге жетіп, 12,7%-ға артуы оның жылдық көрсеткішінің құлдырауының баяулауына ықпал етті. Бұл жыл соңында бюджеттік фискалдық ынталандырудың әсерімен байланысты болуы мүмкін» – деп жазды экономист Ғалымжан Айтқазин.

17 желтоқсанда үкімет басшысы Олжас Бектенов Тоқаевқа есеп берді. Премьер-министрдің мәліметі бойынша 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,4%-ға артқан.

Мұнай секторынан бөлек, әсіресе ауыл шаруашылығы (13,4%), құрылыс (10,3%), сауда (8,2%), көлік (8,1%), металлургия (7,2%), машина жасау (6,9%) және химия өнеркәсібі (8,4%) жоғары өсім көрсеткен.

Бектенов мұнай өндіру көлемінің жоспарланған деңгейге жетпеуі ел экономикасына әсер еткенін жоққа шығармады.

Cурет: pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
ЕАЭО елдері Импорт Қытай мұнай өндіру көлемі Сыртқы сауда Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлттық статистика бюросы шикізатқа экспорт
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.