Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 11 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Редакция саясаты

Редакция саясаты

1. Редакция саясаты оқырман, тыңдаушы және көрермен алдындағы жауапкершілікке негізделген. Редакция саясатының негізі – қызығушылыққа, жеке және коммерциялық мүдделерге емес, қоғамдық мүддеге қызмет ету. Редакция саясаты қоғамымыздағы мүшелердің пікірлерін құрметтеуге және пікірлердің, фактілердің, ақпарат пен оны бағалаудың, оқиғалар мен процестердің барлық түрін бүкіл қоғам үшін барынша түсінікті және қолжетімді форматта ұсынуға негізделген.

2.  Редакция фактілерді әртүрлі түсіндірулерден, бағалаулардан, пікірлерден және нақты емес ақпараттың басқа түрлерінен ажырату үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдауы керек; барлық құжат, сан, атау және басқа пайдаланылған жазба сенімді болуы керек, ал егер олардың сенімді екеніне күмән туындаса, ол нақты көрсетіледі; барлық болжам мен алдағы мақсатты мәндер нақты көрсетіледі және оларды жасау немесе пайдалану кезінде жасалған барлық маңызды болжам көрсетіледі.

3.Ақпаратты іздеу, алу және таратуға байланысты кез келген мәлімет, журналистік қызмет немесе заңдылығына қатысты күмән туындаған жағдайда, бас редактор қандай да бір тиісті қадамдар жасамас бұрын немесе осы ақпаратты редакция контенті ретінде пайдаланбас бұрын кеңес алу үшін заңгерге жүгінуі керек.

4.Хабарламалардың мазмұнына қатысты редакция шешімдері кәсіби әдеп бойынша қабылданады. Редакция журналистерінің әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары болуы мүмкін, оларда ақпарат жарияланған кезде олар редакцияның пікірін емес, жеке пікірін білдіреді. Дегенмен, журналист редакциядан тыс кәсіби этика қағидаттарынан ауытқи алмайды.

5. Негізгі принциптер редакция мен журналистің әлеуметтік желілердегі редакцияның бизнес-аккаунтындағы жұмысына да қатысты. Жеке аккаунттарында журналистер қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтай отырып, өз пікірін білдіруге құқылы.

6. Редакция журналистердің жұмысы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда оларды негізсіз айыптау мен қудалаудан қорғайды.

7. Ақпарат беретін тұлға қорғалуы тиіс. Құпия ақпаратты берген адамның жеке басы оның рұқсатынсыз жарияланбайды не соттың шешімі бойынша ғана көрсетіледі. Бұл сонымен қатар бүркеншік ат немесе лақап ат қолданатын жарналистің жеке басына да қатысты.

8. Егер белгілі бір адам редакция материалында қатаң сынға ұшыраса, редакция тарапынан оның осыған қатысты көзқарасын қоса беру әділдік болады. Сынға ұшыраған адамның ар-намысы, қадір-қасиеті немесе іскерлік беделіне нұқсан келсе – негіз болған жағдайда жауап беруге құқылы. Егер жауап беру құқы туралы сұраным негізді болса, жауап сол жауап беруші адам қалаған формада тез арада жариялануы керек және бастапқы ақпаратты алғандар жауапты оңай байқай алуы керек.

9. Журналист редакцияның контенті саналатын кез келген материалда өзінің немесе отбасы мүшелерінің мүддесі болған жағдайда бас редакторға хабарлауға міндетті. Егер автор немесе оның отбасы мүшесі қаржылық немесе басқа пайда көрсе немесе материалды жариялау нәтижесінде қаржылық немесе басқа шығындардың алдын алса – оны мүдделілік деп түсіну керек.

10. Редакция мен журналист өз жағдайын немесе өзі қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралының мүмкіндіктерін теріс жолда пайдаланбауға, сондай-ақ оның тәуелсіздігіне немесе оның Қазақстандағы медианың негізгі принциптері бойынша әрекет ету мүмкіндігіне нұқсан келтіретін сыйлықтар мен өзге де табыс түрін қабылдамауға тиіс.

11. Ақпараттық-талдау бағдарламалардың редакциялық саясаты жарнама саясатынан дербес болады. Егер тақырып қоғамның қызығушылығын туғызса, бірақ қазіргі немесе болашақ жарнама берушіге теріс әсер етсе, онда редакция контентіне басымдық беріледі. Ең дұрысы – жарнама арқылы материал жасайтын журналистер редакция контентін жасайтын журналистерден бөлек болуы.

12. Әрбір журналист өзі жұмыс істейтін БАҚ-тың редакция саясатын дәл түсінуі үшін редакция стандарттарымен танысуы міндетті.

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.