«Стратегиялық өзеннің жағдайы мүшкіл»

ҚР Парламентінің бір топ депутаты Жайық өзенінің жағдайын айтып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярға депутаттық сауал жолдады. Депуттаттар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 4 қарашасында Екібастұз қаласында өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің апаттық таяздануы мен экологиялық жағдайдың нашарлануына назар аударғанын атап өткен. Олар үкіметаралық комиссия зерттеумен ғана шектеліп, нақты іс-шараларға бюджеттен қаражат қарастырылмағанын хабарлаған.

«Ендігі айтпағымыз, соңғы бірнеше айда Батыс Қазақстан және Атырау облыстары арқылы өтетін Жайық өзенінің деңгейі күрт төмендеп, апатты жағдай қалыптасып отыр. Бұған, әрине, көптеген антропогендік факторлар себеп. Бірақ, негізгі себеп- судың табиғи өнуінің төмендеуі және Ресей Федерациясындағы су пайдаланушылардың бірнеше есеге көбеюі. Бұрын соңды болмаған, судың азаюынан, өзен ортасында төбешік аралдар бой көтере бастады. Бұл көрініс бүгінде екі облыстың халқына алаңдаушылық тудырып отыр. Үкіметіміз Ресей Үкіметімен бірлесіп, 2020 жылы Жайық өзені бойынша үкіметаралық комиссия құрғанын білеміз. Ол комиссия қазір өз жұмысын жасап жатыр. Әрине, үкіметаралық комиссия өз жұмысын табысты жүргізуіне тілектеспіз және одан оң нәтиже күтеміз. Комиссия жұмысы әлі бірталайға созылады. Алайда, бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласымен төрт ауданын, Атырау облысының Атырау қаласымен үш ауданын, барлығы 1 миллионға дейін халықты ауыз сумен қамтып отырған мұндай стратегиялық өзеннің жағдайы мүшкіл. Сол себепті, уақытты өткізбей, халықты ауыз сумен қамтудың қосымша жолдарын қарастырып қойғанымыз 24.11.2021 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) артық болмайды деп ойлаймыз. Ол үшін мамандарды тартып, алдымен облыстар территорияларындағы жер асты суларының қорын қайта есептеу, Атырау облысындағы Жаңасу, Бали сияқты су кен алаңдарындағы далаға ағып жатырған 180 өзағар гидрогеологиялық ұңғыларды шұғыл түрде тоқтату, Каспий теңізінде су тұщыту қондырғысын орнату мүмкіндігін қарастыру, су қоймасын салу, қалалардағы шаруашылықтарды техникалық сумен қамту, Ақтөбе облысында қоры зерттеліп жатырған Көкжиде су кен орнынан су құбырын тарту, жалпы екі облыс көлемінде су пайдалану тәртібін қайта қарау, үнемді пайдалану, тағы басқа жолдарды қарастыра беру керек. Трансшекаралық Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мен қалпына келтіру бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы бойынша жасалуы тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2022-2024 жылдарға арналған 3-жылдық бюджетте қаражат қарастырылмаған. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында да Жайық өзеніне көмек туралы ештеңе айтылмаған. Сондай-ақ, Үкімет еліміздегі 2218 өзіағар гидрогеологиялық ұңғыларды жоймақ. Осыған байланысты батыс өңіріндегі 93 ұңғымасы бойынша Жобалық сметалық құжаттардың дайындық деңгейі туралы түсіндірме беруді және алдағы жылдары, яғни 2022 жылы республикалық бюджеттен қаржы қарастыруды сұраймыз. Бұл мәселелер жөнінде облыс әкімдіктері де жұмыстанып жатқан болар. Дегенмен, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Үкімет бас болып, қазірден бастап облыстармен бірігіп жоспар жасақтауға кірісуі қажет деп санаймыз. Жайық өзенінің тарихына қарасақ, сонау 1937-1938 жылдары осылайша су деңгейінің төмендеуі болған және ол кейін қайта қалпына келген. Өкінішке орай, бүгінгідей әлемдік климаттың өзгеруі болып жатырған уақытта бір күндері өзен деңгейі орнына келеді деп күтіп отыруымыз орынсыз. Мүмкін, біз ойлағандай жағдай бұдан да мүшкіл күйге жетпей, су деңгейі бірқалыпты болып, халық қиындық көрмес. Бірақ, уақытты жібермей, болып қалуы мүмкін қиындықтың  алдын алып, тіршілік жасауымыз керек деп ойлаймыз», – делінген хатта.

Өзен ахуалына қатысты мәселеге Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері С. Нақпаев Д. Тұрғанов, Н. Ожаев, М. Құлшар, Е. Жаңбыршин, С. Мұсабаев Қазақстанғ Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы фракциясының мүшесі С. Ерубаев үн қосқан.

депутаттық сауалдың түпнұсқасы: ds-332_7_2

фото: kursiv.kz

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий