Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Каспий жағалауында өлген итбалықтар құны бойынша шығын есебі 1,4 млрд теңгеден асып кетті
Нұртай Текебаев sarapshy.info 24/11/2024

Каспий жағалауында өлген итбалықтар құны бойынша шығын есебі 1,4 млрд теңгеден асып кетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Каспий теңізінде итбалық өліміне байланысты әлі де талдау жұмысы жүргізіліп жатыр. «ECOJER»қауымдастығының Маңғыстау облысындағы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов осыған байланысты шығынды есептеген.

Lada басылымы Жайық-Каспий балық шаруашылығы облысаралық бассейндік инспекциясының дерегіне сүйене отырып, қазіргі уақытта су жануарының өлімі туралы дерек тіркелмегенін жазды.

Сарапшы Әділбек Қозыбақов шығын өте орасан екенін екенін ашық айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сай бір итбалық ұшасының бағасы 193 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, нақты айтсақ, 712 556 теңге. Қозыбақов осыны 2 мыңға көбейткенде, итбалықтардың құны 1 425 112 000 теңге деп бағаланатынын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 24 қазан мен 13 қараша аралығы 1 034 итбалық табылғанын хабарлаған. Министрлік мамандардың олардың қырылу себебін әзірше тап басып айта алмайтынын мәлімдеген. Болжамның бірі – су астындағы жер сілкінісі салдарынан теңізге тараған табиғи газ уыты себеп болуы мүмкін делінген.

Экология министрлігінің өкілдері адами факторлар да әсер етіп отырғанын жоққа шығармады. Жануарлар денесінен теңізде құрылған торлардың жарақаттаған іздері байқалғанына назар аудару керектігі айтылды. Бірақ Каспиге жақын орналасқан ауылдарда тұратын балықшылар министрлік мамандарының болжамы біржақты екенін сынға алып, наразылық білдірген.

Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериоз белгілері табылмағанын растады.

Итбалық ағзасынан бөлек, су сынамалары да зерттеліп жатыр. АШМ зерттеу жұмысы 3-4 ай бойы жүргізілетінін қаперге салды.

Одан кейін жарияланған ақпараттарға үңілсек, Жайық-Каспий балық шаруашылығы облысаралық бассейндік инспекциясы 24 қазан мен 18 қараша аралығында 1 155 өлі итбалық тіркелгенін хабарлаған.

Комиссия 18 қараша күні Маңғыстау облысының жағалау сызығы – Құлалы, Морской, Подгорный, Новый аралдары мен Қаражанбас, Қаламқас аудандарының үстінен ұшып өтті. Осы аумақты зерттеу нәтижесінде тағы 834 итбалық өлексесі табылды. Барлық өлексенің ыдырап кеткені анықталды. Сонда 1 989 итбалықтың жағалауға шығып қалғаны анықталды.

«ECOJER» қауымдастығының Маңғыстау облысындағы өңрілік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов 2020 жылы Қызыл кітапқа енгенін, соған байланысты тіпті бір итбалық өлсе де, қылмыстық іс қозғалуы керек екенін айтқан. Ол тәуелсіз сарапшыларды шақырып, теңіздегі компаниялардың жұмысын тексеруді ұсынды.

2000 жылдан бері жыл сайын итбалықтардың жаппай қырылуына қатысты дерек тіркеліп отырады. Содан бері 10 мыңға жуық жануар созылмалы токсикоздан өлгені дәлелденген.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«ECOJER» қауымдастығы 2024 Итбалықтар құны Каспий жағалауы ҚР Маңғыстау облысы сарапшы инфо Сарапшылар Шығын есебі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026
жаңалық

Ақтауда кәсіпкерді бопсалаған ҰҚК қызметкері түрме жазасына кесілді

25/02/2026
Біздің сараптама

Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды? (1-бөлім)

13/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.