Goldman Sachs сарапшыларының айтуынша, 2026 жылы жаһандық мұнай нарығында тәулігіне шамамен 2,3 млн баррель көлемінде мұнай профициті қалыптасады. Олардың пікірінше, бұл 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін шамамен 56 АҚШ долларына дейін төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал 2027 жылы Brent бағасы барреліне шамамен 50 доллар болуы ықтимал.
2026 жылға арналған бюджет мұнайдың бір баррелі 60 доллар деп есептеліп жасалған.
Сонымен бірге, Қазақстанның жалпы шетел валютасындағы түсімінің шамамен 60%-ы (40 млрд доллардан астамы мұнай сатудан түседі. Бюджет кірісінің 40%-ға жуығы да мұнай есебінен қалыптасады. Бұл ретте Қазақстанның мұнай кірістері мен резервтеріне тәуелділігі артатыны анық.
Мұнайдан түсетін пайда болмаған жағдайда қалыптасатын тапшылық 2025 жылы рекордтық 11 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 10,8 трлн теңге, ал 2023 жылы 8,7 трлн теңге болған. Осылайша, соңғы үш жылда мұнайсыз тапшылық шамамен 26%-ға өсті.
Таяуда LS журналистерімен Халықаралық валюта қорының «Call of Duty: Industrial Policy for the Post-Oil Era» (2024) атты баяндамасын талқылау кезінде болашаққа деген ең оптимистік болжамдардың өзінде экономиканы әртараптандыру мәселесінде мұнайға тәуелді елдер үшін әрекетсіздіктің құны аса жоғары екенін байқадық. Егер ел мұнай бағасының күрт төмендеуіне дайын болмаса, экспорт кірістерінің 80%-ына дейін жоғалтуы мүмкін.
Халықаралық валюталық фонд сарапшыларының ұсынысына сүйенсек, экономикасы шикізатқа тәуелді елдер энергетикалық ауысудың салдарынан «сақтану» үшін қазірден бастап әртараптандыруға жылдық экспорт көлеміне шамалас қаржы салуға тиіс. Қазақстан үшін бұл жылына шамамен 60-70 млрд долларды құрайды. Баяндамада мұнай бағасының болашақта төмендеуі іс жүзінде сөзсіз шындық екені айтылған.
Соңғы жылдардағы «жасыл» энергия туралы келісімдер алдағы онжылдықтарда энергетикалық ауысудың жеделдеу ықтималдығын күрт арттырды.
Рахымбек Абдрахманов / GDE TENGE?
фото: istockphoto.com

