2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері жалпы салмағы 438,4 келі болатын 8 302 алтын құйма сатқан. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Алтын құймалардың 71%-ы (5874 дана) Алматыда сатылған. Астанада барлық сатылымның 7%-ын құрайтын 600 дана алтын сатылды. Қарағандылықтар 3 айда
460 дана алтын сатып алды, бұл жалпы сатылымның 6%-ы.
Ең көп сұранысқа ие өнім – 10 грамдық алтын құйма, ол жалпы сатылымның 26%-ын құраған.
Құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau City Bank және Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ кейбір банктік емес айырбастау пунктерінен алуға болады.
фото: freepik.com

