Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Экология министрлігі киіктерді қыста атуды не себепті тоқтатқандарын айтты
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 19/02/2024

Экология министрлігі киіктерді қыста атуды не себепті тоқтатқандарын айтты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Sarapshy.info ақпарат агенттігі киік жайлы шешім журналистикасы жанрында материал жариялап, оны Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолдады.

6 ақпан күні «Sarapshy.info» ақпарат агенттінің бас редакторы Нұрлыбек Рахманов бұл журналистік жұмыстағы киікке қатысты түрлі тараптың ой-пікірінен шығатын төмендегідей сұрақтарға жауап сұрап Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдап еді.

  1. Сарапшылар киіктер күйекке түсетін мезгілде атуға, аулауға болмайтынын айтты. Ескересіздер ме?
  2. Не себепті киіктер буаз күйінде атуға рұқсат берілді?

Кеше министрліктен жауап келді. Вице-министр Н.Шәрбиевтің қолы қойылған жауапта былай делінген:

«Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 45 бабында жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі делінген. Осыған орай, Министрлік халқаралық сарапшылардың ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстандағы киіктерді аулаудың тарихи тәжірибесін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің киіктердің популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздемесі әзірленді.

Бүгінгі күні киіктер тұяқты жануарлардың ең көп таралған түрі болып табылады. Салыстыратын болсақ Қазақстандағы барлық басқа тұйяқты жануарлардың жалпы саны 200,0 мыңнан аспайды. Мәселен елік жануардың саны 95,5 мыңнан аспайды. Бұл ретте, жыл сайын аң аулау объектілері болып табылатын тұяқты жануарлар түрлерінің (қоңыр аю, сібір елігі, марал, асқан бұғысы, бұлан, сібір тау ешкісі) осы жануарлардың есептелген санының 10-нан 40% дейін аулауға, сондай-ақ аналықтарында эмбриондардың басында болуы мұндай аң аулауға рұқсат етіледі. Бұл өз кезегінде аң аулау мерзімдері биологиялық негізінде аңтанушымен анықталып, ғылыми-техникалық кеңесімен бекітіледі. Бұл тәсіл бүкіл әлемде қолданып келеді, ал егерде (эмбрион) үлкен болса, онда аңшылық тоқтатылады.

Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының, халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын және қолайсыз ауа райы жағдайларын ескере отырып, Министрлік ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылданды».

Еске сала кетсек, Экология министрлігі өткен күзде 337 мың киікті аулау мен атуды ұсынды. Жоспар орындалмағасын қыста да атуға рұқсат берген болатын. Жоғарыдағы репортаждан түрлі тараптың − жергілікті тұрғындар мен билік, фермерлер, ақбөкенге қатысы бар ұйым өкілдері мен ғалымдардың киік мәселесіне қатысты қандай шешімді құп көретінін біле аласыз.

sarapshy.info

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО киік саны буаз киіктерді ату мәселесі Киік Киік өндірісі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

02/01/2026
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
sarapshy.info

Қазақстанда қыз алып қашқан жігіттерге алғаш рет қылмыстық іс қозғалды

14/10/2025

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.