Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Қазақстанда тұтынушылық несиеге сұраныс артып жатыр
Дария Ғұмар Қаржы 21/08/2025

Қазақстанда тұтынушылық несиеге сұраныс артып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның несие нарығында бөлшек несиеге деген сұраныс артты. Ұлттық Банктің сауалнамасына қатысқан 19 екінші деңгейлі банктің дерегіне сүйенсек, Қазақстан азаматтары мен шағын және орта бизнес иелері арасында несиеге өтінім көбейген.

Биыл сәуір-маусым айларында халық арасында ипотекалық кредиттеуге сұраныс артып, орташа қарыз көлемі адам басына шаққанда 17,4 млн теңгеге дейін өсті. Ұлттық банк сарапшылары бұл үрдісті мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар мен құрылысшылар ұсынған жеңілдіктердің ықпалымен байланыстырады.

Автонесиеге қызығушылық та үздіксіз өсіп келеді. Маусым айында өтінімдер саны 16%-ға артып, 1,6 млн-ға жетті.

Сонымен қатар, кепілмен берілетін тұтынушылық несиелер бойынша өтінімдер саны өскен. Кепілсіз кредиттеуге сұраныс енді артып келе жатыр еді, алайда кейбір банктер сыйақы мөлшерлемесін қатаңдатқандықтан, бұл салада айтарлықтай серпіліс байқалмады.

Банктердің пікірінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында кепілмен берілетін тұтынушылық несие мен автонесиеге сұраныс сақталып, аз да болса өсім пайда болады.

Орта және шағын кәсіпкерлік салаларында да несиеге сұраныс артып отыр. Қазір кәсіпкерлерді несие алуға ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелер бар. Ұлттық банктың баяндамасына сәйкес, орта бизнестен кредиттеуге түскен өтінім саны 15%-ға өсіп, 5,3 мыңға жетсе,912 мың шағын бизнес иесі несие алып, көрсеткішті 3%-ға арттырды.

Ірі кәсіпорындар ішінде несиеге қызығушылық танытқандар аз, деп хабарлайды Ұлттық банк. Бұл мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шектеулі болуымен байланысты. Ірі бизнес нысандарынан түскен несие өтінімдері үш айішінде 15%-ға қысқарып, 200-ге жетті.

Экономист Нұрсұлтан Ерболатұлы Sarapshy.info-ға берген сұхбатында несие нарығындағы бұл өзгерістердің себебін түсіндірді.

«Банк секторының экономиканы кредиттеукөрсеткіші соңғы 10 жылда айтарлықтай түсіп кетті. Екінші деңгейлік банктер үшін бизнесті қаржыландырудан гөрі тұтынушылық несие беруқолайлы болып тұр. Қазір банк секторындағы тұтынушылық несиенің көлемі 38-40%-ға жетті.

⁠Бөлшек несиеге сұраныстың өсуіне инфляция да, жоғары пайыздық мөлшерлеме де әсер етпейді. Несиенің қымбаттығына қарамастан халық қарыз алуды жалғастырып келеді. Халық табысының артуы несие алу өсіміне мүлде сәйкес келмейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше халық табысының тең жартысын азық түлікке жұмсайтынын ескерсек, қалған табыстың көбісі несие өтуге кетеді.

Менің ойымша, ипотекалық несиеге сұраныс жылдан жыла арта береді. Себебі халықтың басым бөлігі тұрғын үйді бірден сатып ала алмайды. Ал кепілсіз тұтынушылық несие нарығы келесі жылдан бастап тарылуы мүмкін. Себебі жаңа салық кодексінде тұтынушылық несиеден түскен табыс салығы 25%-ға дейін көтерілді. Бұл екінші деңгейлі банктерді шағын және орта бизнесті кредиттеуге ынталандыру мүмкін», – дейді сарапшы.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Автокредит Ипотека Ірі кәсіпорындар кепілді Кепілсіз берілетін жедел несие жүйесі кредит ҚР Ұлттық банкі ҚР Ұлттық Банкі деректері Несие Нұрсұлтан Ерболатұлы шағын және орта бизнес
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.