Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»БҚО-дағы кәсіпорын автогазға сұранысты қамти алмай отыр
Дария Ғұмар Өте өзекті 08/08/2025

БҚО-дағы кәсіпорын автогазға сұранысты қамти алмай отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-дағы «Жайықмұнай» зауыты жергілікті жерде автогаз бойынша сұранысты қамти алмаса да, Қостанай мен  Ақтөбе облыстарына сұйытылған газ лимитін бөліп отыр. Бұл жөнінде БҚО әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй хабарлады.

Батыс Қазақстан облысына бөлінетін газ лимиті аймақты толық қамти алмай келеді. Мәселен, маусым айында өңірге бөлінген 3545 тонна газ айдың жиырмасына жетпей таусылып, облыс қосымша газ сұрауға мәжбүр болды.

Қазір БҚО сұйытылған газды тек өз аумағындағы «Жайықмұнай» компаниясынан алады. Оның қуаты айына шамамен 6 мың тонна ғана. Мұның 3500-4000 тоннасы БҚО-ның өзіне, қалғаны Қостанай облысына жөнелтіледі. Ал облыстың өзі ай сайынғы 5 мың тонна көлемінде газ тұтынады.

БҚО әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында сұйытылған газ бағаларының өсуі туралы түсініктеме берді.  

«1 тамыздан бастап ел аумағында автогаз тарифі өсіп жатыр. Газ тапшылығы бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Айдың соңына қарай, соңғы он күн ішінде көлікке арналған газдың жетіспеушілігі байқалады.

Ел аумағында небәрі үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді: Атырау, Павлодар және Шымкент зауыттары. Олардың ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты республикадағы сұйытылған газдың 70-80%-ын қамтамасыз етіп отыр. Демек елдің басым бөлігі сол бір зауытқа тәуелді. Егер қандай да бір себеппен жөндеу жұмысы жүргізіліп, осы зауыт уақытша жабылса, қалған екі зауытқа ауыр жүк түседі. Газ тапшылығының негізгі себебі – осы», –деді әкім орынбасары.

Көрші Атырау мен Маңғыстауда газбен жүретін көліктер саны бірнеше есе көп: бұл екі облыста 150 мың көліктің 130 мыңы автогаз тұтынады. Яғни сұраныс бізден әлдеқайда жоғары. Бұл да ресурстардың қалай бөлінетініне әсер етеді.

«Сонымен қатар, біздің облыстағы «ЖайықМұнай» кәсіпорны тек жергілікті тұтынушыға емес, Қостанай мен Ақтөбе облыстарына да сұйытылған газ жөнелтеді. Нәтижесінде бізге бөлінген 200 тонна көлеміндегі газ өзге өңірлермен бөліске түсіп отыр. Бұл жағдай да облыс ішінде газ тапшылығының туындауының бір себебі», – деп толықтырды әкім орынбасары.

«2022 жылы облыс бойынша газбен жүретін көлік саны 15 650 болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 26 387-ге жетті. Бір жылдың ішінде 70%-ға жуық өсім тіркелді деген сөз. Сәйкесінше, көлік саны артқан сайын автогаз тұтыну көлемі де көбейді. Бұрын бір күнде тұтынылатын сұйытылған газ көлемі орта есеппен 110 тонна болса, қазір бұл көрсеткіш 180 тоннаға дейін жетіп отыр. Яғни газ тұтыну көлемі 63%-ға өсті», — деді Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейімбет Мусин.

Атырау мен Маңғыстау газды қалай үлестіреді?

Атырау облысында газбен жүретін 24 мың көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш БҚО-дан 2 мыңға кем. Соған қарамастан Атырауға айына 7—8 мың тонна газ бөлінеді.

Ал Маңғыстау облысы газ тапшылығын өз бетінше реттеудің амалын тапқан. Өңірде газ тарататын кәсіпкерлер саны 150-ден асатындықтан, газ бөлу алгоритмін өздері әзірлеп, автогаз бекеттеріне көлік пен халық санына сәйкес үлестіреді.

Маман не дейді?

Кен инженері Киікбай Медеуовтің пікірінше, сұйытылған газға сұраныстың артуына үкіметтің газбен жүретін көлік санын бақылаусыз көбейтуі себеп болды.

“Бұл мәселені шешудің бір жолы – метан газына кезең-кезеңімен көшу. Әйтпесе сұйытылған газ тапшылығы мәселесі ушыға береді”, – дейді сарапшы.

Автогаз мәселесі туралы Sarapshy.info сайтында жарық көрген «БҚО—дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?» мақаласын оқуыңызға болады.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
автогаз автогаз қымбаттады Атырау Басты ақпарат Бейімбет Мусин БҚО газ бағасы қымбаттады Газ тарифі Жайықмұнай Киікбай Медеуов Көлік газы Маңғыстау Мирас Мүлкәй сарапшы инфо сұйытылған газ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Елде дропперлікке қатысты 10 істің үшеуі БҚО-да тіркелді

28/11/2025
Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.