Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Мемлекет астық экспортын қолдауға неге басымдық беріп отыр?
Дария Ғұмар Сарапшы пікірі 25/07/2025

Мемлекет астық экспортын қолдауға неге басымдық беріп отыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Қазақстанда экспортқа жөнелтілетін астықтың тасымалына субсидия енгізілді. Жыл басынан бері астық өндірушілер мен экспорттаушыларға 409,6 мың тонна бидай тасымалдағаны үшін 9,1 млрд теңге төленген. Бұл туралы Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы хабарлады.

Азов, Қара теңіз, Балтық теңіздеріндегі порттарға, сондай-ақ Латвия, Литва, Эстонияға транзиттік жолмен жеткізілген бидайға жартылай субсидия қарастырылған.

Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астық жөнелтетін өндірушілерге де мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Сауда жəне интеграция министрлігі QazTrade арқылы өзге шикізаттық емес тауар  экспорттаушылардың логистикалық шығындарын өтеуге жылына шамамен 6-7 млрд теңге ғана бөледі. Бұл сома тамақ өнімдерінен бастап химия мен машина жасау салаларына дейінгі барлық экспорттаушыларға қатысты. 

Сонда бір ғана астық экспорты мен оның қайта өңделген өнімі бүкіл шикізаттық емес тауар экспортына қарағанда тікелей қолдауға көбірек ілігеді деген сөз.

Атап өтерлік жайт – өткен жылы мемлекетпен инвестициялық келісімшартқа отырған экспорттаушыларды логистикалық шығындарды өтеу бағдарламасынан алып тастады. Себеп ретінде бюджет тапшылығы аталды. Яғни ел ішінде өндірісті жолға қойған, өз қаржысын салған және қайта өңдеуді дамытып келе жатқан кәсіпорындар қолдаусыз қалып отыр.

Астықтың бір ғана сегменті бүкіл шикізаттық емес экспорт секторынан артық қолдау алса, бұл елдегі қайта өңдеу мен әртараптандыру дамымағанын көрсетеді.

Мұндай теңгерімсіз модель индустриялық дамудың логикасын жоққа шығарады. Қолдау шикізатты қанша көлемде экспорттағаны үшін емес, өнімнің күрделілігі мен қосылған құны үшін берілуі тиіс.

Руслан Сұлтанов

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Азық-түлік корпорация Астық тасымалдау астық экспорты Бейш субсидия шикізат нарығы Экспорттық әлеует
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қазақ мұнайының тарихы: байлықтың сатылуы, жекешелендіру, талан-тараж (2-бөлім)

24/02/2026
Біздің сараптама

Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды? (1-бөлім)

13/02/2026
Сарапшы пікірі

Ажырасу туралы емес: неге Қазақстанда неке шарты әлі де сирек құбылыс саналады?

09/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.