Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Энергетика саласында бірнеше мекеме басшысы қызметінен босатылды
Редакция жаңалық 03/07/2025

Энергетика саласында бірнеше мекеме басшысы қызметінен босатылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда электр энергетикасы саласында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 16 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл жөнінде жоғары аудиторлық палата хабарлады.

Аудит барысында 66 миллион теңге көлемінде қаржылық бұзушылық, 2,2 миллиард теңгенің дұрыс жоспарланбағаны, 104,8 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Сонымен қатар 72 рәсімдік және 35 жүйелі кемшілік тіркелді. 

Жауапқа тартылғандардың қатарында ҚР Энергетика министрлігіне қарасты департамент директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ құрамындағы «Eneymentau Wind power» ЖШС-ның бас директоры, «Электр энергиясы және қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры мен цифрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры,  «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-ның бірнеше бөлім басшылары мен орынбасарлары бар.

Бұған дейін мемлекеттік аудит энергетика саласында көптеген кемшілік бар екенін анықтады. Генерациялау қуаттарының жабдығы 55%-ға, ал электр желілері  76%-ға тозған. Көптеген қосалқы станция кеңестік кезеңнен бері жұмыс істеп келеді, олардың өнімділігі төмендеп, апат тудыратын жағдайда тұр. 

Энергия өндіру мен тұтыну көлемі өңірлерде әртүрлі. Көптеген генерациялау қуаттары солтүстік аймақта шоғырланған, ал тұтынудың төрттен бірі оңтүстік аймаққа тән. Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ғана өзін-өзі электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

Тарифтік саясаттың ашықтығы мен тиімділігі де сынға алынды. Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіру мен сату шығындарын бақыламайды, бұл тарифтердің негізсіз жоғарылауына себеп болып отыр. Баланстық нарықта да тарифтерді есептеу формулалары субъективті тәсілге жол береді, бұл 34,7 миллиард теңгеге артық баға қоюға себеп болған. 

KEGOC компаниясының жеткізген жабдықтарының нарықтық бағадан 2-3 есе жоғары бағамен сатып алынғаны анықталып, бұл 2,2 миллиард теңге шығынға әкелген. 

Майнинг компаниялары 901 миллион кВт/сағ электр энергиясын 13 миллиард теңгеден астам сомаға сатып алып, ресми операторларды айналып өткен.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бұл жағдайды қатаң сынға алып, Энергетика министрлігін өндіріс көлемдерін, тұтыну мөлшерін және нақты тарифтерді бақылауға шақырды.

фото: pexels

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған ақпарат көзі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
аудит аудит нәтижесі Жоғары аудиторлық палата Қазақстан ҚР Энергетика министрлігі электр жарығы электр қуаты энергетика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025
Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.