Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Тоқаев: 2025 жылы еліміздің 10 қаласы газдандырылады
Нұрлыбек Рахманов Экономика 14/10/2021

Тоқаев: 2025 жылы еліміздің 10 қаласы газдандырылады

сурет авторы: kt.kz
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек тұрғысынан бейтарап мемлекетке айналады. Сондай-ақ, жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі елдің жалпы энергия балансының 80 пайызынан астамға жетеді. 2050  жылға қарай барлық көмір электростанцияары экспуатацияға беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордада өткен «Париж келісімі және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» тақырыбында халықаралық конференцияда айтты.

2025 жылы еліміздің ластанған 10 қаласына газификация жүргізіліп, баламалы энергия көздеріне ауыстырылатын болады.

«Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуетке ие. Біздің жоспарларымызға сәйкес энергия балансының  жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай кемінде 15 пайызды құрауы тиіс. Бұл үшін ең тиімді жағдайларды жасап жатырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл ретте халықаралық серіктестермен бірлесіп атқаратын жобалардың нәтижелі болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар конференция барысында Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынылды.

«Бұл – өте маңызды жоба. Доктринаның мақсатына қол жеткізу жүйелі жұмысты қажет етеді. Отын-энергетика кешенін жаңғырту, индустриялық және агроөнеркәсіптік саясатты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, құрылысқа және тұтастай алғанда, адамдардың өмір салтына жаңа көзқарастарды қайта қарау сынды дүниелерді қамтиды», -деді Мемлекет басшысы.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 700 млрд доллар қаражат қажет. Бұл соманың жартысы электр энергиясы мен жылу өндіру секторларының жұмысын жаңғыртуға бағытталатын болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 12 желтоқсанда өткен Климаттық амбициялар саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына жететінін мәлімдеді.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
баламалы энергия көздері газдандыру Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.