Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 17 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»1 АҚШ доллары 519 теңгеге дейін қымбаттады. Ұлттық банк интервенция жүргізуде
Наргиза Ерес sarapshy.info 28/11/2024

1 АҚШ доллары 519 теңгеге дейін қымбаттады. Ұлттық банк интервенция жүргізуде

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 28 қарашада, теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында саудаланып жатыр. Орташа сараланған бағамы — 512 теңге. Бұл ұлттық валютаның 2,4%-ға әлсірегенін көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, теңгеге әсер еткен сыртқы факторлар:

  • АҚШ долларының жаһандық нығаюы:
    DXY индексі (АҚШ долларының негізгі валюталарға қатысты бағамы) қараша айында 2,2%-ға өсіп, 106,2 пунктке жетті. Бұл дамушы елдердің валюталарына қысым.
  • Шикізат құнының өзгеруі:
    Мұнай бағасының құбылуы және АҚШ-тың мұнай экспортының артуы жөніндегі болжамдар шикізат нарығында тұрақсыздық туғызып отыр.
  • Ресей рублінің әлсіреуі:
    Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың енгізілуі рубльдің құнсыздануына әкелді. Ай басынан рубльдің долларға қатысты бағамы 18%-ға әлсіреді, бұл Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің валютасына қысым жасап жатыр.

Ал әсер еткен ішкі факторларға шетел валютасына сұраныстың артуы мен психологиялық қысым себеп дейді.

  • Шетел валютасына сұраныстың артуы:
    Экономикалық агенттер тарапынан доллар сатып алу белсенділігі байқалады. Қараша айында күнделікті сауда-саттық көлемі 238 млн долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.
  • Психологиялық қысым:
    Теңгенің 500 теңге деңгейінен асып кетуі психологиялық факторларға әсер етіп, нарықта алып-сатарлықты арттырды.

Қазір Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыру мақсатында валюталық интервенция жүргізіп, нарықтағы шетел валютасы ұсынысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасап жатыр.

Осыған дейін долларға сұраныс артып, баға өсіп жатқанын жазған едік.

Сурет: Kazinform/ Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айырбас бағамы Доллар өсті ҚР Ұлттық банк Мұнай бағасы сауда-саттық көлемі шикізат нарығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Оралдағы көпірді жөндеуге 1,2 млрд теңге жұмсалады

17/07/2025
жаңалық

Екібастұздағы кәсіпорындар 1 миллиард теңгеге жуық салықты төлемеген

17/07/2025
sarapshy.info

Алматы әуежайында адамды кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды

16/07/2025

Жаңа мақалалар

Киік мүйізімен ұсталғандардың бәрі экологиялық айыппұл төлемейді

Біздің сараптама 17/07/2025

Оралдағы көпірді жөндеуге 1,2 млрд теңге жұмсалады

жаңалық 17/07/2025

Екібастұздағы кәсіпорындар 1 миллиард теңгеге жуық салықты төлемеген

жаңалық 17/07/2025

«Бір ауыл – бір өнім»: күнгей мен көлеңке

Арнайы жобалар 17/07/2025

Оралдың бас жоспары неге дау тудырды? Шу болған қоғамдық тыңдаудың толық видеосы

Подкаст 16/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Киік мүйізімен ұсталғандардың бәрі экологиялық айыппұл төлемейді

17/07/2025

Оралдағы көпірді жөндеуге 1,2 млрд теңге жұмсалады

17/07/2025

Екібастұздағы кәсіпорындар 1 миллиард теңгеге жуық салықты төлемеген

17/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.