Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 12 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Жолға жауапты мамандардың кәсіби білімі сәйкес емес
Нұрлыбек Рахманов Шолу 03/05/2022

Жолға жауапты мамандардың кәсіби білімі сәйкес емес

?????????????????????????????????????????????????????????
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл жайлы Орал қаласына жол саласы мамандарының біліктілігін арттыруға арнайы келген ҚР инвестициялар және даму министрлігіне қарасты  жол активтері Ұлттық орталығының ведомстволық сараптама бөлімінің басшысы Бейбіт Иманғалиев айтты. Оның пікірінше, бұл елдегі жолдардың сапасына тікелей әсер етеді.

-Жол саласында жүргізілген сараптамалар нәтижесі жергілікті атқарушы органдарда, атап айтқанда ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде мамандардың тек 10%-ға жуығында жол саласына қатысты дипломдары барын көрсетті. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі бұл мамандар ПИК жұмысына, жол құрылысына және басқа да әлеуметтік мәселелерге жауап береді, — дейді Бейбіт Иманғалиев.

Бейбіт Иманғалиев

Елдегі ең нашар жолдар – БҚО-да. Бұл мәселеге еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов назар аударып, өңір басшысына құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Біз Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандарынан неліктен еліміздегі, әсіресе Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың асфальт төсемі қыстан кейін өте сапасыз күйге ауысатынын сұрадық.

— Жобалық-сметалық құжаттамада кемшіліктер бар. Оған қоса жобалау-іздестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмейді, жер бедері зерттелмейді. Бұл кемшіліктер жолдардың сапасына әсер етеді. Техникалық қадағалау мамандарын объектіде тұрақты бақылау жүргізу үшін тапсырыс берушілер арнайы жалдайды. Ал қадағалау мамандары өз міндеттерін толық орындамай жатады. Мысалы нысанға бір-екі сарапшы қойылады, ал тендерде он нысанды жеңіп алды. Тапсырыс беруші тарапынан қатаң бақылау болуы керек. Өткен жылы техникалық қадағалаудың үш сарапшысы аттестаттан айырылды, ал басқаларына үш миллион теңгеге айыппұл салынды, — деді аталмыш орталықтың БҚО филиал директоры Зәурбек Қыпшақбаев.

Зәурбек Қыпшақбаев

Ұлттық сапа орталығы жолдарды орташа жөндеу кезінде сметалық құжаттарын тексереді. Жобаға жасаған сараптамаларының қорытындысы негізінде жергілікті не жауапты орган мемтапсырыс негізінде конкурс жариялайды. Тек құжатын тексеріп қоймайды, елдегі он жеті филиалдарында зертхана бар. Тапсырыспен жолдың қажет учаскесіне зерттеу жүргізеді. Асфальт құрамын, одан да төменгі қабаттарын тексеріп, тәжірибелерін жасайды. Дайын жолды да арнайы жарақтандырылған көлік арқылы толық сараптамадан өткізеді. Көлік – көшпелі зертхана, толық автоматтандырылған.

Ұлттық сапа орталығы мамандары жол құрылысы мен сапасы жағынан Қазақстан дамыған елдерден ондаған жылға артта қалып отырғанын атап өтті.

-Жолдың нормативтік уақыты болады. Сол уақыты өткен соң асфальттың беткі қабаты қайтадан ауыстырылуы керек. Төменгі қабаттары шыдауы тиіс. Беткі қабаты дер кезінде жөнделмесе, жол жарамсыз болады. Біздің климатымызда асфальт жабыны 5 жылға есептелген. Себебі, қыс – өте суық, жаз – тым ыссы. Басқа климаттық аймақтар асфальтқа көбірек сақталуға мүмкіндік береді, — дейді ҚР ИИДМ жол активтері Ұлттық орталығының ведомстволық сараптама бөлімінің басшысы Бейбіт Иманғалиев.

Бейбіт Иманғалиев БҚО-дағы жолдардың күрделі жөндеуден соң да көп ұзаққа шыдамауының себебі жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылуынан деді. «Жол мемлекеттік тапсырыс, яғни тендер арқылы жөнделеді. Мемтапсырыста қай мердігер ең төмен баға ұсынса, сол тендерді ұтып алатыны белгілі. Бағаны 30-40 пайызға дейін түсірген соң жөндеу құны, онымен бірге сапа да төмендейді» дейді ол.  Тапсырыс беруші де, тұрғындар да мердігердің жол жөндеуіне көңілі толмаса, жол активтері ұлттық сапа орталығын шақырып сараптама жасатуына мүмкіндік бар. Жолды қайтадан жөндеткен жағдайлар да кездесіп тұрады екен. Былтыр Ұлттық сапа орталығы еліміздің жолдарында 11900 тексеру жүргізіп, 5800-ден астам кемшілік анықтаған.

Нұрлыбек Рахманов

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025
Шолу

Шетелден спортшы шақыру қаншалықты тиімді?

12/02/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.