Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі
Дария Ғұмар Сарапшы пікірі 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

7 шілде күні АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізден тасымалданатын барлық тауарға 25 пайыз мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілетіні жөнінде ресми хат жолдады. Трамп хат мәтінін TRUTH Social парақшасында жариялады.

Бұл өзгерістің ел экономикасына қалай әсер ететіні жайлы экономист, тәуелсіз сарапшы және Sana Business Academy директоры Мақсат Халық пікір білдірді.

«АҚШ енгізіп отырған 25 пайыздық тариф Қазақстанның жалпы экспортына түгелдей емес, оның шамамен 5 пайызына ғана қатысты.Қалған 95 пайызы – мұнай, уран және өзге де стратегиялық маңызды өнімдер – бұл шектеуден тыс қалады. Сондықтан бұл тарифтің жалпы Қазақстан экономикасына ықпалы аса ауқымды болады деп кесіп айту қиын.

Дегенмен, тарифтің өсуі әлемдік сауда мен логистикалық тізбектерге белгілі бір дәрежеде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан әлемдік нарықтағы өзгерістерге дайын болу қажет», – деді ол.

Сарапшының пікірінше, АҚШ Президенті Орта Азия елдерінің ішінен тек Қазақстанға хат жолдауының да өзіндік себебі бар. Бұған Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан тарапы үшін ең маңыздысы – негізгі экспорттық салалардағы нарықтық позицияны сақтау. Сондай-ақ Мақсат Халық отандық өндірушілерді қорғау мәселесіне де назар аудару қажеттігін атап өтті:

«АҚШ өз ішкі өндірісін қолдау үшін осындай саясат жүргізіп отыр. Қазақстан да өз кәсіпорындарын және отандық өндірісін қолдайтын тетіктерді дамытуы тиіс».

АҚШ-тан Қазақстанға экспортталған тауарлар көлемі бойынша да айырмашылық бар: америкалық деректер 1,1 млрд долларды көрсетсе, қазақстандық статистика экспортты 2,2 млрд долларға бағалайды. Осылайша, АҚШ деректері бойынша сауда сальдосы теріс шығып отыр, ал Қазақстан деректеріне сүйенсек, АҚШ оң сальдоға ие – 200 млн доллар.

АҚШ енгізгелі отырған 25 пайыздық импорттық баж салығы Қазақстаннан шығарылатын бидайды терең өңдеуден өткен өнімдерге қатысты болмақ. Атап айтқанда, бұл шектеу глютенге (клейковинаға), крахмалға және осыған ұқсас аз көлемдегі өзге де тауарларға әсер етеді. Kazakh Grain Union өкілі Евгений Карабановтың айтуынша, Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын негізгі өнімдері – уран, мұнай, ферроқорытпалар, күміс, тантал және титан – бұл шектеуге ілінбейді, себебі олар АҚШ экономикасы үшін маңызды саналып, нөлдік мөлшерлемемен енгізіледі.

фото: Kevin Lamarque/Reuters

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
АҚШ Америка Баж салығы Дональд Трамп Қазақстан саясат Трамп экспорт Эономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

АҚШ Ормуз бұғазындағы Иранның 16 әскери кемесін жойды

11/03/2026
Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026
жаңалық

Қазақстанда сиыр етін экспорттайтындарға квота беру талабы өзгереді

06/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.