Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Редакция таңдауы»Тайпақ ауылының тұрғындары неге орыс сыныбын ашуды сұрап отыр?
Нұртай Текебаев Редакция таңдауы 24/07/2025

Тайпақ ауылының тұрғындары неге орыс сыныбын ашуды сұрап отыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шілде айында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында бір топ ата-ана Құрман Байсықов атындағы жалпы білім беретін орта мектептен орыс сыныбын ашуды сұрап, аудандық білім бөліміне ашық хат жазған. Олардың атынан сұраныс хатты ауыл тұрғыны Анна Магомедова жолдаған.

«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылындағы Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде соңғы екі жылдан бері орыс тілінде білім беретін мектеп алды дарялық тобы мен бірінші сынып ашылмай келеді. Яғни орыс тілінде білім алғысы келетін бүлдіршіндер үшін жаңа сыныптар қабылданбай отыр», — деп жазылған желіде жарияланған хатта (мазмұны түпнұсқа күйінде беріліп отыр – редакция).

Кейінгі жылдары өңірде аралас мектептердің азайып келе жатқаны рас. Қазақы ауылда орыс сыныбын ашу туралы ұсыныс көптің назарын аударды. Осыған байланысты мән-жайды тараптардан сұрап көрдік.

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ата-аналармен кездескенін, түсіндіру жұмысынан кейін А. Магомедова райынан қайтқанын хабарлады.

«Аудан әкімі, ауыл әкімі халықпен қанша рет кездесіп жатыр, бұған дейін бірде-бір рет орыс сыныбын ашу жөнінде мәселе көтерілмеген. Аяқ астынан Анна Магомедова деген орыс әйел хаттың бір данасын аудандық білім бөліміне, бір данасын «Уральская неделя» басылымына  жолдаған. Бұл хатқа 182 адам қол қойды деген уәжбен келісе алмаймын. Бір қазақ ауылынан осынша адам орыс сыныбын сұрауы мүмкін емес. Оған менің көзім жетті», – деді Мәжитова.

Әкім орынбасарының сөзінше, хатқа қол қойғандардың бәрі оның мазмұнымен таныс болмаған. Кейбір тұрғын мектептегі орыс сыныптарының барлығы жабылады деп түсінген. Қол жинағандардың арасында мұғалімдер де бар. Олар «Ертең бізге оқу жүктемесінен сағат берілмейді, жұмыссыз қаламыз, орыс сыныптары жабылмауы керек» деген уәжін алға тартқан. Оларға жаны ашыған ауылдастары аты-жөндерін тізімге тіркеуге  қарсы болмаған.

«Кейбір адамдар ауылда болмаса да, олардың орнына қол қойып жіберген. Фальсификация! Бірқатар ата-ана ауызша түсіндіргесін, бір парақ қағазда не жазылғанын оқымай, келісе салған. Осының бәрін дәлелдеп, көзін жеткізгесін, сынып ашуға бастама көтерген Анна Магомедова «Арызды қараусыз қалдыруды сұраймын» деген өтінішті өз қолымен жазып берді», — деді Зәйлім Исатайқызы.

Анна Магомедова хатта Тайпақтағылар балаларын орыс тілінде оқыту үшін басқа ауылға немесе қалаға қатынауға мәжбүр деп жазған екен. Зәйлім Мәжитова бұл ақпаратты да жоққа шығарды.  Дегенмен Магомедованың орыс сыныбын ашу туралы ұсыныс жасауына құқығы бар екенін атап өтті. Ол үшін мектепалды даярлық тобына 15, бірінші сыныпқа 5 бала жиналуы керек. «Бала саны толған жағдайда ғана нақты шешім қабылдаймыз», — деді  аудан әкімінің орынбасары.

Бұл мәселеден ауыл әкімі де, мектеп директоры да хабарсыз болып шыққан. Оларға жолықпағанын Магемоданың өзі де растады. Аннаның өзі де қазақ тілін жетік біледі екен. Сұрағымызға емін-еркін жауап қатты.

«Жалпы жиналысқа ата-аналар жиналды. Облыстан, ауданнан кісілер келді. Олар хатқа қол қойғандарды  төртеу-бесеуден қабылдап, сөйлесті. Мен арызда ұлтқа қарсы әрекет жасағандай көрініп қалдым. Ол жерде басқа мәселе ғой. Ауылдағы мектепте орыс сыныбы болмаса, қызымды қалаға алып барып, біреудің үйіне орналастыруым керек. Міне, соны айтқым келіп еді. Халықты дүрліктірдің дейді. Оңашада сөйлескесін, қысым жасалды ма, білмеймін, кейбір ата-ана бас тартайық деп шыға келді», — деп түсіндірді Анна Магомедова.

Ол оқушылардың бұрынғысынша мектепалды даярлық тобынан бастап төртінші сыныпқа дейін орыс тілінде білім алғанын қалайтынын айтты. Қызының тілі орысша шыққан. Содан мектепке барғанда дарялық тобында сабақ оқуға қиналған. Екі жылдан кейін кенже баласы да мектепке барады. Анна балаларының орыс тілінде оқығанын құп көреді. Өзінің айтуынша, тағы бір оқушы қызы мектептегі орыс сыныбында.

«Арызды кері алғаным рас. Кісі жинаған кезде ешкімді қол қоюға мәжбүрлемедім. «Орыс класын ашуға қарсы емессіз бе?» деп сұрадым. Алдарынан өттім. Ауыл әкіміне, мектеп директорына жолыққан жоқпын, арызды аудандық білім бөліміне алып бардым. Мектепте орыс сыныбын жабуға байланысты ата-аналармен ешкім ақылдаспады ғой. Бірден қазақ сыныбына құжат қабылдай бастады. Бізге «Орыс тілінде оқытатын мұғалімдер азайып жатыр» деп түсіндірді. Бастауыш орыс сыныптарын ашса, алдағы уақытта кадр табылады деген ойдамын», — деді А. Магомедова.

Қазіргі уақытта Тайпақ ауылында 4500-ге жуық адам тұрады. Ауылда үш мектеп бар. Қ. Байсықов атындағы ЖББОМ – аралас мектептердің бірі. Бұл мектепте 492 оқушы білім алады. Қазіргі уақытта 3-11 сыныптарға мұғалімдер сабақты орыс тілінде береді.

Ауыл әкімі Жалғас Жұмағалиев Тайпақ тұрғындарының дені қазақ деді. Орыс, құмық, татар секілді саны аз этнос өкілдері бар. Барлығы да қазақ тіліне жатық. Тату-тәтті тұрып жатыр.

Жалғас Жұмағалиев мектепте орыс сыныбын ашуды сұрағандар өрескел заңбұзушылыққа жол берді деп санайды.

«Бұған дейін ауыл мектебіне, білім бөліміне орыс сыныбын ашу жөнінде ешкім өтініш ұсынбаған. Содан білім бөлімінің жауап беруін күтпей, жергілікті басылымға жолдап жіберген. Ашық хат арқылы жалған ақпарат таратқан. Арызға қол қойған адамдардың кейбірі хат мазмұнымен таныспаған. Шағын құрамды ата-ана. Көбі – қазақ отбасылар. Магомедовтар отбасынан басқа өзге ұлт өкілдері жоқ. Анна бүлдіршін қызы мектепалды даярлық тобында қазақша оқуға қиналғасын, орыс сыныбы ашылар деген үмітпен бастама көтерген. Төртінші сыныпты шығарып салған соң, бастауыш буынға сабақ беретін, жұмыссыз қалам деп уайымдаған мұғалімдер де жанайқайын білдірді», — деді Ж. Жұмағалиев.

Жалғас Батырбекұлы бұл мәселе қоғамдық талқыға салынбағанын айтты. Ауылдағы қоғамдық кеңес мүшелері де, әкімнің өзі де орыс сыныбын ашуға байланысты үгіт жүргізілгенінен бейхабар. Ауыл басшысы осы бастаманы көтергендер орыс сыныбы ашылмайтынын біле отыра, осындай жасырын қадамға барды деп есептейді.

Ауыл-аймақты дүр сілкіндірген бұл оқиға хатқа қол қойғандардың өзін екіұдай ойда қалдырған секілді. Дегенмен тайпақтық Альбина Упиева бұл ұсынысты қуана қолдайтынын айтты.

«Кішкентай балам орысша сөйлейді. Мектепалды даярлық тобына барғалы отыр. Бесінші және үшінші сыныптарға көшетін қыздарым да орыс тілінде оқиды. Балаларымның бәрінің орысша оқығанын қалаймын. Магомедова «Орыс сыныбы ашылсын» деп хат жолдаймын дегесін, өтінішке қол қойдым. Бірақ мәтінін оқыған жоқпын. Алдағы уақытта өзім де өтініш жолдаймын. Я поддерживаю», — деді Упиева.

Тағы бір тұрғынға қоңырау шалып едік, «Орыс сыныбы бәрібір ашылмайды» деді ғой. Әңгімеге нүкте қойылды. Мені тізімнен сызып тастасын», — деп бірден күдер үзгенін білдірді.

Тайпақ ауылының тұрғыны, зейнеткер Болат Дошанов орыс тілін үйренуге деген сұраныс жоқ деп санайды. «Кеңестік кезеңде орыс сыныптары ашылды. Қазіргі кезде орыс сыныбын ашудың аса қажеттілігі жоқ. Бәлкім, бұл мәселені жастар қозғап жүрген болар. Әркімнің өз таңдауы бар. Ауылда орыстардың өздері қазақша сөйлейді. Тап бір дау көтеретін мәселе емес», — деді ардагер.

P.S. Тайпақ — облыстағы ірі ауылдардың бірі. Бұрын аудан орталығы болған. Қазіргі уақытта Ақжайық ауданының құрамында. Жергілікті халық талай танымал тұлғаны дүниеге алып келген Тайпақты нағыз қазақы ауыл деп санайды. Әрине, ата-аналардың орыс сыныбын ашуды сұрауына толық құқығы бар. Дегенмен бұл мәселеге мемлекеттік органдар тиянақты назар аударғаны дұрыс болатын секілді. Орыс тілді кеңістік ауыл-аймақтан да ажырағысы келмей тұрғандай әсер қалдырады.

фото: pixabay

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ақжайық ауданы Білім басқармасы білім беру ұйымы БҚО Екінші ақпарат мәселе мектеп Орыс тілі сарапшы инфо сынып
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.