Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 9 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Ресей Украинаға неге шүйлікті?
Нұрлыбек Рахманов Шолу 25/02/2022

Ресей Украинаға неге шүйлікті?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2014 жылы Ресей Қырымды алғаннан кейін Ялтада үлкен халықаралық жиын болды. 89 мемлекет өкілдері қатысты. Сол жиынға қатысқаным бар. Сонда шиеленістің басты себебі экономикалық мәселелермен байланысты екендігін нақты ұқтым.
Украина жерінің астында игерілмеген СЛАНЦ ГАЗЫНЫҢ бай қоры жатыр. Тың күйінде.
Сланц газын өндіріп, пайдаға асыру үшін Украин билігі американдық компанияларды серіктестікке шақырған. Себебі сланц газы саласындағы барлау мен өндірудің жоғары технологияларына американдықтар иелік етіп отыр.
Екіжақты келісім жасалған соң американдық компаниялар барлау нәтижелері негізінде Украинаның бірнеше өңірінде зауыттар салуды жобалауды бастайды.
Сәйкесінше, бұл шешім Ресейге ұнамайды. Себебі оның Еуропаға бағытталған бірнеше газ құбырлары тоқтап, экономикалық зардап әкеледі. Еуропаны украиндық газбен жеткілікті деңгейде қамтуға болады. АҚШ-тың да бір күтілімі Ресейге осындай экономикалық соққы беру.
Қырымның жағалауында Қара теңіздің тұңғиықтарында энергияның тағы бір көзі анықталған. Ол — ГАЗОГИДРАТТЫҢ (газ кристаллдары) үлкен көлемдегі мол қоры. Оның құны мен қажеттілігін түсіну үшін интернеттен қарасаңыздар болады.
Украина газогидрат қорын да американдық компаниялардың көмегімен игеруді жоспарлады.
Сланц газы өндірісін жүргізуге, газогидратты игеруге мүмкіндік бермес үшін Ресей бірден Қырымға десант түсіріп, басып алды. Донбасс пен Луганскіде соғыс бастап, буферлік аймақ қалыптастырды.
Украинаның энергетика саласына қаражат құямын деген шетелдік инвесторлардың барлығы ойларынан бас тартып, үйлеріне қайтты. Себебі бизнес тек саяси тұрақтылық жағдайда ғана дамиды.
Зауыттар салу бастамалары белгісіз мерзімге тоқтады. Ресейдің газы Еуропаға жөнелтілуде. Осылайша, Ресей экономикалық мүддесімен қатар Еуропа елдеріне газ тасымалдау арқылы ықпал ететін саяси басымдықтарын да сақтап қалды.
«Орыс әлемін» қорғау мақсаты деген себептердің барлығы сылтау ғана. Донбасс пен Луганск халқы ендігі аралықта «Ресейге қосыламыз» деген иллюзиямен ғана өмір сүретін болады.
Меніңше, Ресей бұл аймақтарды ешқашан қосып алмайды. Ол аймақтар буфер ретіндегі рөлін атқаратын болады. Олар — Украинаға ықпал ету алаңдары. Украинаның энергетика саласына келген инвесторларды үркітіп отыратын «бөкидің» рөлін атқарады.
Ресей Украинаны да басып ала алмайды, басып алмайды да. ДНР мен ЛНР сияқты даулы аймақтарды да қосып алмайды.
Ресейдің бұл әрекеті екінші жағынан бұрышқа тығылған жыртқыш аңның әрекетін еске салады. Санкциялар арқылы жасалған қысым шегіне жетті. Экономикалық дефолттық жағдай әлеуметтік наразылықтарды қатты асқындыруда. Ішкі наразылық потенциал жарылғалы тұр.
Ресейде басқа амал қалмады. Ол соғыс ашу арқылы ең алдымен Шығыс Еуропа елдеріне, одан кейінгі кезекте Батыс Еуропаға сес көрсетпек. Осылайша, оларды АҚШ бастаған санкциялардан бас тартуға мәжбүрлемек.
Келесі қайшылық нүктелері Шығыс Еуропада орын алуы мүмкін. Ресей ол елдерге де бағытталған іріткі саясатын бірнеше жылдар бойында жүргізіп келеді.
«Орыс әлемі» идеологиясының аясында Ресей Украинаның батыс бөлігінде отырған «Русин» этникалық топтарына қолдау жасап отыр. Олардың бір Украинадағыларының саны ғана миллионға жуық. Русиндер өздерін орыстармен жақын туыс халықпыз деп есептейді.
Міне, осы Русиндер Укранинамен бірге Польшаның, Венгрияның, Словакияның шекаралас өңірлерінде шоғырланып қоныстанған. Яғни бірнеше мемлекеттің іргелес өңірлерінде жақын қоныстанған. Ресей оларға осы елдердің аймақтарындағы жерлерін біріктіріп, Мемлекет құрып беруге көмектесемін деп отыр. Сәйкесінше, мұндай сепаратизм Шығыс Еуропа елдерінің территориялық тұтастықтарына зиян келтірмек.
Шығыс Еуропаның тыныштығының бұзылуы Орталық және Батыс Еуропаны да ойландыратын болады. Жалпы, «Орыс әлемі» идеологиясы мәдени кеңістіктен шығып, саяси құралға айналғаны қашан…
«Орыс әлемі» идеологиясы әлем елдеріндегі 4 категория өкілдерін дамытуға және қорғауға бағытталған: славяндар, тарихи отандары Ресейде орналасқан этникалық топтар, орыстілділер және православтар (Орыс православ шіркеуіне тиесілі қауымдастық).
Көптеген елдердегідей, бұл идеология біздің елде де кеңінен жүргізілуде. Ойланатын мәселелер бар…
Талғат Жақиянов,
әлеуметтанушы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Ресей Украинаға неге шүйлікті? Украина
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025
Шолу

Шетелден спортшы шақыру қаншалықты тиімді?

12/02/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.