Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Баку Ресейге неге наразы?
Нұртай Текебаев Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әзербайжан билігі 2025 жылдың ақпан айында Sputnik Әзербайжан редакциясының қызметін тоқтатқан. Соған қарамастан редакция жұмысын жалғастырған. BBC ақпараты бойынша Әзербайжан Ішкі істер министрлігі басылымның заңсыз жолмен қаржыландырылып отырғанына күдіктенеді.

Sputnik Әзербайжан директоры Игор Кратвых пен шеф-редакторы Евгений Белоусов ұсталған.

Баку кейінгі кезде РФ-да болған жағдайға байланысты қатаң шара қабылдауға көшті. Екатеринбург қаласында этникалық қылмыс тобы тұтқындалды. Олардың арасында әзербайжан диаспорасының өкілдері бар.

Интрефакс агенттігінің жазуынша, осы оқиғаға байланысты Ресейдің Ішкі істер министрлігіне Әзербайжан елшісі Рахман Мустафаев шақырылған.

The Moskow Times жергілікті басылымдар дерегіне сүйене отырып Әзербайжан ІІМ Ресей пропагандасын жүргізетін редакция кеңсесін тінтіп, РФ Федеральды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) екі қызметкерін ұстағаны туралы хабарлады.

 Екатеринбургте диаспора мүшелері тұтқындалғаннан кейін Әзербайжан Республикасы парламентінің делегациясы Ресейде өтетін парламентаралық комиссия отырысына қатысудан бас тартты. Оған қоса Әзербайжанда РФ делегациясы қатысатын мәдени шараларды өткізуге тыйым салды.

Ресейлік дипломатты да Әзербайжан ішкі істер министрлігі кеңсеге шақыртқан. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «құқық қорғау органдарының жұмысы Бакудың осылай наразылық білдіруіне себеп болмауы керек» деп мәлімдеді.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласында AZAL ұшағы құлады. Ұшақтың апатқа ұшырауына Ресейдің қорғаныс жүйесінің шабуылдауы себеп болған. Осыдан кейін Әзербайжан елінің басшысы Ильхам Әлиев РФ-ның мұны тез арада мойындамағанын сынады.

фото: picture-alliance/dpa/D. Tanecek

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Әзербайжан Баку оқиға редакция Ресей РФ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026
жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026
жаңалық

Қытайдан Қазақстанға көшкендер саны 29%-ға артты

17/03/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.