Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 18 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА
Нұртай Текебаев Қаржы 25/06/2025

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне бірнеше банк қосылады. ҚНРДА баспасөз қызметі жаңа құжат дайындалып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша халыққа несие ұсынатын жалғыз қаржы ұйымы – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Бұл банк арқылы тұрғындар төмен пайызбен, жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен, тұрғын үй заемдарын рәсімдей алады. Жүйе аясында салымшылар арнайы жинақ ашып, оған мемлекет сыйақысы қосылады, кейін тиімді шартпен ипотека алу мүмкіндігі туындайды.

Дегенмен қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттыру және ТҚЖЖ жүйесін әртараптандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі маңызды заңнамалық өзгерістерді дайындады. Бұл түзетулер екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысып, азаматтардың салымдарын тартуға және тұрғын үй заемдарын беруге құқық береді.

Қазіргі кезде заңнамалық өзгерістер «Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша» заң жобасына енгізілген. Мемлекеттік органдар жобаны талқылауда. 2025 жылдың тамыз айында бұл бастама Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылмақ.

Бұл өзгеріс іске асқан жағдайда, тұрғын үй жинақ жүйесіне бірнеше коммерциялық банк қатысып, тұрғындардың таңдау мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде несиелік өнімдер көбейіп, пайыздық мөлшерлемелер төмендеп, жүйенің тиімділігі арта түспек.

Отбасы банкінің монополиясы

Бүгінге дейін тұрғын үй құрылыс жинағы саласында Отбасы банктің монополиясы сақталып келді. Жүйеде жалғыз ойыншының болуы нарықтағы бәсекенің шектелуіне, өнімдердің стандартталуына және азаматта таңдауының шектелуіне себеп болды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров «Отбасы банк» ипотекалық нарықта монополиялық басымдыққа ие екенін нақты мәлімдеді. 2024 жылдың маусым айында Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында ол бұл жағдайдың бәсекелестікке және халықтың қаржылық қызметтерге қолжетімділігіне кері әсерін тигізетінін атап өтті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Отбасы банктің активтері 3,5 трлн теңгеден, ал несие портфелі 2,8 трлн теңгеден асты. Бұл – халықтың тұрғын үй алудағы басты қаржылық тетігінің осы банкпен тығыз байланыста екенін білдіреді.

Алайда сарапшылардың айтуынша, бәсекелестік болмаса, клиент мүддесі екінші кезекке ығыстырылады. Жүйеге басқа банктер тартылған жағдайда, әр банк өзіндік шарттар мен сервистік қызмет ұсынып, тиімділік артып, тұтынушы ұтады.

Ипотека нарығы

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда ипотекалық несие нарығы баяулады: жаңа ипотекалық несиелер көлемі 390 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға азайды. «Отбасы банк» бұл кезеңде 225,2 млрд теңгеге несие беріп, 10,4%-ға қысқарды, бұған мемлекеттік сыйақының кешіктірілуі әсер еткен. Коммерциялық банктердің үлесі 31%-дан 36%-ға өсті – бұл соңғы 8 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ипотекалық өтінімдерді мақұлдау деңгейі 24%-ға дейін төмендесе, жалпы несие портфелінің сапасы жоғары: мерзімі өткен берешек тек 0,4%, ал Отбасы банкте 2,3%. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды.

Сонымен қатар, «7-20-25» және «Баспана Хит» сияқты мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін ипотекалар да әлі де өзектілігін жоғалтпаған. Алайда бұл бағдарламаларда қаржыландыру көлемі шектеулі болғандықтан, барлық азаматтарға қолжетімді емес.

Сарапшылардың болжауынша, егер заңнамалық өзгерістер нәтижесінде басқа банктер де тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қосылса, ипотекалық өнімдер нарығында жаңа бәсеке кезеңі басталады. Бұл әсіресе жас отбасылар мен алғаш рет баспана алатындар үшін тиімді болмақ.

фото: sm1.kz

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
ипотекалық тұрғын үй Қаржы нарығы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚНРДА
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттеудегі мемлекеттің рөлі қандай?

16/07/2025
Қаржы

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025
Қаржы

Енді банктер сайтынан несиені онлайн-калькулятормен есептеуге болады

09/07/2025

Жаңа мақалалар

Жұмысшыларға жалақы төлемеген Mangystau Oil Refining компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

жаңалық 18/07/2025

Салық және кеден органдарынының бақылау тиімділігі төмен – Жоғары аудиторлық палата

жаңалық 18/07/2025

Астана базарларының бірінде өрт шықты

жаңалық 18/07/2025

БҚО оқушылары Halyk Bank бонусының 15%-ын жинаған

жаңалық 17/07/2025

Жемқорлықпен күреске жауапты жаңа органның міндеттері бекітілді

жаңалық 17/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшыларға жалақы төлемеген Mangystau Oil Refining компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/07/2025

Салық және кеден органдарынының бақылау тиімділігі төмен – Жоғары аудиторлық палата

18/07/2025

Астана базарларының бірінде өрт шықты

18/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.