Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды. Тиісті құқықты актіге Қазақстан президенті қол қойды.
Сонымен ниқаб дауына нүкте қойылды. Парламент палаталары осыған дейін заңнамалық өзгерісті бірнеше мәрте талқылады.
Бұл құжат қоғамдық орында қауіпсіздік шарасын күшейтуге арналған. Енді еш себепсіз бетін бүркеп жүретіндер сезік тудыруы мүмкін.
Заңға сәйкес азаматтық қорғаныс және медициналық мақсатта жабық киінуге, қызмет бабы талап еткенде, мәдени-спорттық, бұқаралық шараларға қатысқан кезде ғана адамдарға бетін жасыруға рұқсат етіледі.
Заң талабын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолдайтынын мәлімдеген.
фото: pexels