Қостанай облысында өрттен қаза болған бір үйдің 5 баласына қатысты аудандық сот үкім шығарды.
Жітіқара аудандық соты қылмыстық істі тексеру барысында сотталушы балалардың өздері үйде қалғанда үлкен ұлына «үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от сал» — деп тапсырып кеткенін анықтаған.
«Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленушінің өкілі (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) сотталушының асырауында жас баласы барын ескертіп, тек жаза тағайындауды сұрайды.
Алайда сот бес баласынан айырылған әйелге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі уақытта кішкентай баласы болғаны себепті жазаны орындау кейінге қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
9 қаңтарға қараған түні Қарағандыда екі пәтерлі үй өртеніп, екі бала көз жұмған еді. Екі ересек бала өз бетімен өрттен шыққан. Десе де өртенген үйден 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесі табылды.
«2024 жылы Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелген» — балалар обудсмені
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелкенін айтқан еді. Оның сөзінше, көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған.
Обудсмен осы фактілерге сүйене отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деді.
Десе де, қоғам бұл пікірге наразылық танытуда. Көпбалалы ата-аналар тұрмыс-тіршіліктің қамы үшін балаларды қараусыз қалдыруға мәжбүр екендерін айтады.
Сурет: Freepik