Еліміздің 500-ге жуық жол учаскесінде су тасуы мүмкін

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды, деп жазады Halyq Uni порталы.

Жолдарды су басып, шайып кетуін болдырмау үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұдан басқа жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды.

Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір мен 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды. Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі.

Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі. Сонымен қатар су өткізу құбырлары әрі көпірасты аймақтар арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий