Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде халықтың алтынға салған инвестициясы екі есеге көбейді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 22/10/2024

Елімізде халықтың алтынға салған инвестициясы екі есеге көбейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтар жалпы салмағы 2,1 мың кг болатын алтын құймаларын сатып алған. Бұл 2023 жылғы аталған кезеңімен салыстырғанда 90%-ға артық деуге болады. Сондай-ақ төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, сұраныстың негізгі бөлігін (77%) алғашқы екі тоқсанның көрсеткіші құрады. Сонымен қатар екеуінікін де бірдей деуге болады: І тоқсанда – 816,4 кг, ІІ тоқсанда – 779,2 кг. Сәйкесінше, ІІІ тоқсанға тек 23% немесе 475,5 кг тиесілі.

«Соңғы нәтиже аз болып көрінгенімен, тарихи тұрғыдан алғанда олай емес. Егер тиісті көрсеткіштерді алтынның орташа тоқсандық бағасына көбейтсек, халықтың тоғыз ай ішінде қымбат металға салған инвестициясы 68,6 млрд теңге құрағанын көруге болады. Аталған сома өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде 2,2 есеге көп», — деп жазды Data Hub.

Ең қызығы, қазақстандықтар 50 граммдық құймаларға қызығушылық таныта бастаған сыңайлы. ІІІ тоқсанда аталған құймалардың сатылымы барлық сатылымның 40%-ын құрады, яғни, 5,5 мың дана болды.

Қазақстан алтын қорын көбейткен елдердің ондығына енді

Жақында кейінгі он жылда алтын сатып алуды арттырған елдердің тізімі жарияланды. Қазақстан алтын қорын көбейткен он елдің қатарына енді. 2023 жылы әлем елдерінің орталық банктері 1 037 тонна алтын сатып алған.

Соңғы он жылда алтын сатып алуды арттырған елдердің көш басында Ресей келеді. 2013-2023 жылдар аралығында көрші мемлекет 1 298 тонна алтын алған.

Қытай да алтын қорын біраз арттырған. Аспан асты елі 1 181 тонна алтын сатып алыпты. Үшінші орында – Түркия елі тұр. Бұл елдің алтын қоры 424 тонна алтынға толыққан.

Бұдан кейінгі орындарда Польша, Үндістан, Өзбекстан, Қазақстан, Сингапур, Ирак және Таиланд тұр.

Биыл алтынның бағасы ай сайын дерлік рекорд жаңартып, қыркүйекте 2,6 мың АҚШ долларды құрады. Қазан айының басында бағаның көтерілуі жалғасты және бір троя унциясы үшін 2,7 мың АҚШ долларға жетті.

Қазір біздің елде бір грамм алтынның құны 42 мың теңгеден асады.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Алтын бағасы Алтын қорын көбейткен елдер Алтынға салған инвестиция Қазақ елі ҚР Ұлттық банкі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025
sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

sarapshy.info 03/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.