Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 10 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экология»«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті
Нұртай Текебаев Экология 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атыраулық Асқар Иманғалидың қарлығаштарға деген қамқорлығы тұтас ел-жұртты сүйсіндірді. Экобелсенді туралы мақала жариялап отырмыз.

«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына қарасты учаскеде жұмыс істеген компания жұмысшысы газ құбырына арнап қазылған ор ішінде қарлығаштардың ұя салып тастағанын көреді. Содан ол осы шұңқырды көмуден бас тартады. Қасындағы әріптестерін де құстарды аман алып қалуға үгіттейді. Газ құбыры – «ҚазТрансгазАймақ» АҚ-ға тиесілі. 30 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында болған оқиға туралы баяндаған Асқардың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып кетті.

– Әп-әдемі айыр құйрық қарлығаштар траншея ішінен ұя салып тастаған. Қарлығаштар балапан басып жатыр. Мына құбырды қалай көмемін?! Обал-ай. Қазір мен үйілген топырақты итерсем, бәрі шырылдап маған қарай ұшады. Жапатармағай көліктің әйнегіне келіп соғылайын деп тұр. «Ей, адам, не болды саған? Сондай қатігез болып кеттің бе?» дер еді, тіл бітсе… Кеше де қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым. Тап қазір жұмыстан шығып кетсем де, мынадай қиянат жасай  алмаспын, – дейді алаңсыз ұшып-қонып жүрген қарлығаштарға ұялы телефон камерасын бағыттаған Асқар Иманғали.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Askar Imangali (@asqar_aqsary)


Дегенмен Асқардың шырылдағанына бригада құлақ аса қойған жоқ. Қасындағы жігіттер оның өтінішін құп алғанымен, басқа техникалардың күшімен тап сол жерді көміп тастады. Ертесіне Асқар өзінің тұрғылықты жері – Атырау облысындағы Индер ауылына оралады. Құстардың өліміне жаны қатты күйзелген. Кейіпкеріміз өзі туралы әлеуметтік желілер мен сайттарда жаңсақ ақпарат тарап жатқанын айтты. Ол ауысым бойынша жұмыс учаскесіндегі мердігер ЖШС-ның арнайы техникасын жүргізеді екен. Шағын еңбек ұжымының беделіне нұқсан келмесін деп, компанияның атын атаудан бас тартты.

А. Иманғали әртүрлі техниканы жүргізіп, нәпақа тауып жүр

– Жұмыс барысы кешіктірілместен атқарылуы тиіс екенін білемін. Учаскедегі қарбалас тірлік бір екі-күнде бітпейді. Құбыр ауыстыру, дәнекерлеу, қысыммен тексеру, тестілеу, оқшаулау – оның барлығы уақыт алады.  Бірақ қазылған жерді топырақпен тегістеп болғанша, құстар ұя салып тастайды, — деп түсіндірді табиғат жанашыры.

Ол бұған дейін тап осындай оқиға бірнеше рет қайталанғанына налиды. Иманғалиев «оның жұмыстан кеткені» туралы желілерде таралған ақпарат қате екенін, соның салдарынан жұмыс берушілерге қысым артқанын, медиақұралдарға мәселені нақты өзінен сұрау керектігін ескертті.

– Мен бас тартқаныммен, басқа жалдамалы мекеме погрузчиктері қарлығаштар ұя салған тұсты көміп тастады, солардың бәрін тоқтата алмағаныма қатты өкінемін. Тек бір-екі жігіт қана тапсырманы орындаудан бас тартып, олар да менің өтінішіммен көмбей кетіп қалды. Табиғат заңдылығына қарсы әрекет жасайтынымыз жаныма батады. Неге біз соншама қатігезбіз? «Топан су, зілзала, өрт, апат қайдан келіп жатыр?» деп таң қаламыз, ал  өзіміздің істеп отырған тірлігіміз мынау! – дейді Асқар Иманғали.

Асқар Иманғали бүгінде Атырау облысы Индер ауданының орталығында тұрады. Жасы – 48-де. Отбасылы. Алты бала өсіріп отыр. Екі қолға бір күрек іздеп, бірнеше рет басқа мемлекеттерде еңбек еткен. Оның инстаграмынан Еуропаның көптеген қаласын аралағанын көруге болады. Индер ауылының тұрғыны тумысынан табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерекше екенін айтты.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, перзенттеріне де жан-жануар, аң-құсты аялау керек екенін ұдайы айтып отырады. Белсенді азамат балаларын ертіп, ерікті түрде экологиялық акцияларға қатысады. Өзен жағасындағы, демалыс орындарындағы, орман-тоғайдың ішіндегі қоқыс-қалдықтарды жинайды.

Қазіргі уақытта Асқардың түсірген бейнежазбасына көпшілік алуан пікір жазып жатыр. Кейбір компания жұмыс орнын ұсынаса, кейбір кәсіпкерлер қаржылай демеу көрсетуге ниет танытқан. «Депутат, заңгер, бизнесмендер жұмыс береміз, көмектесеміз деп жатыр.  «Біреулер жұмыссыз қалған болсаң, қаржылай көмек береміз» деп Kaspi GOLD нөмірін сұрап жатыр.   Бәріне  мың алғыс, ештеңе керек емес.  Ниеттеріне рақмет.  Ризық-несібе – Құдайдан.  Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді…», – дейді Асқар Борисұлы.

Кейіпкерімізбен тілдесе отырып, оның өте қарапайым болмысын жақыннан тани түстік. Асқардың атасы Батыс Қазақстан облысындағы әртүрлі ауданда, әсіресе ұзақ жылдар бойы Тайпақ өңірінде еңбек еткен. Әкесі де өңірде ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған, одан кейін Атырау облысында бір ауылды басқарған. Индерлік азамат оларды дәріптегендей болмайын деп, кеңірек жазуға рұқсат бермеді.

Жалпы Асқардың өзіндік ұстанымы бар азамат екенін аңғарғанымыз, әлеуметтік желіде өткір пікірін жиі жариялайды екен. Бұған дейін далада электр сымы жүргізілген бағаналар басына қонған қарақұстар мен қыран тектес құстардың тоққа соғылып өліп жатқаны туралы да жазба қалдырған. Экосақшы осындай бастамаларға билік пен қоғам назар аударса екен дейді. Ол жан-жануар әлеміне көзқарасты өзгертетін кез келді деп есептейді.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Атырау БҚО газ Екінші ақпарат Қазтрансгазаймақ оқиға экобелсенді экология
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Оралда санитарлық талапты бұзған кафе иесіне айыппұл салынды

09/12/2025
жаңалық

Тұз тапшылығы: БҚО әкімдігі отандық компаниялармен келісім жасады

08/12/2025
жаңалық

Биыл БҚО-да 108 мың киік ауланды

08/12/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстан Қашаған мұнайын Қытайға тасымалдамақ

жаңалық 09/12/2025

Қытайдың бұрынғы спорт министрі өлім жазасына кесілді

Әлем жаңалықтары 09/12/2025

Оралда санитарлық талапты бұзған кафе иесіне айыппұл салынды

жаңалық 09/12/2025

Тұз тапшылығы: БҚО әкімдігі отандық компаниялармен келісім жасады

жаңалық 08/12/2025

Биыл БҚО-да 108 мың киік ауланды

жаңалық 08/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қашаған мұнайын Қытайға тасымалдамақ

09/12/2025

Қытайдың бұрынғы спорт министрі өлім жазасына кесілді

09/12/2025

Оралда санитарлық талапты бұзған кафе иесіне айыппұл салынды

09/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.