2025 жылы 1 070 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Олардың басым бөлігі Қытай Республикасынан келген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 1991 жылдан бері 1 149 000-нан астам этникалық қазақ елге оралған. Жыл басынан бері Қытай Халық Республикасы (51,9), Өзбекстан (37,5%), Түрікменстан (7,1%), Ресей (1,8%) және басқа мемлекеттерден (1,7%) қандастар келген.
Олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылар – 60,2%, кәмелетке толмағандар — 32,9%, ал зейнеткерлер – 6,8%.
Министрлік оларды еңбек күші тапшы аймақтарға қоныстандырғанын хабарлады. Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,7%-ы жоғары білімді, 32,9%-ы орта кәсіби білімді, 48,4%-ы жалпы орта білімді, және 1,9%-ының білімі жоқ», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет отбасының әр мүшесіне бір реттік 70 АЕК (275,2 мың теңге шамасында) көлемінде ақша береді, ал тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) көлемінде қолдау көрсетеді.
«Ата жолы» картасының мақсаты – шетелде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстандағы негізгі әлеуметтік, медициналық, еңбек және білім беру қызметтерін жеңілдетіп қол жеткізуге мүмкіндік беру, сонымен бірге Қазақстанға оңай кіру-шығу режимін қамтамасыз ету. Бұл карта арқылы қандастар өз отанына байланысты маңызды құқықтар алады, бірақ олардың саяси құқықтары (сайлауға қатысу және мемлекеттік қызметке қабылдану) қамтылмайды.
Биыл этникалық қазақтар мене басқа елдің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасы берілді. Жыл басынан бері елде өз кәсібімен қалайтын 27 бизнес-иммигрант пен 38 сұранысқа ие маман иелеріне аталған карта табысталған.
«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және басқа мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді» , — делінген хабарламада.
Data Hub аналитика арнасының мәліметінше, Қазақстан азаматтығын алушылардың басым бөлігі – қандастар.
2024 жылы қандас мәртебесі бар 15,7 мың адам Қазақстан азаматтығын алды, ал 2023 жылы олардың саны 20,5 мың болған. Дегенмен, қандастардың жалпы азаматтық алушылар арасындағы үлесі өсіп, 76%-дан 77%-ға жеткен.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдегі қандастардың еңбек құқықтарын қорғау үшін ережелер әзірленіп жатқанын хабарлаған еді. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжаттағы ережелер Қазақстаннан тыс жерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын қорғауға бағытталған.
Сурет: gov.kz