Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 3 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Дональд Трамп инаугурацияда қандай уәде берді?
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/01/2025

Дональд Трамп инаугурацияда қандай уәде берді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

20 қаңтарда Дональд Трамп ант қабылдап, ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті лауазымына сайланды. Жаңа президент өзі жеңіске жеткен сайлау нәтижесі жарияланған күнді «Ел тарихындағы ұлы күн» деп мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары Трамп алғашқы өзгерісті Ақ үйдің ресми веб-сайтын өзгертуден бастады деп жазуда. Сайтта президенттің жаңа суреттері мен «Америка қайта оралды!» ұраны пайда болған. 

«Мен күн сайын әр тынысыммен сіздер үшін күресемін. Мен балаларымыз бен сіздер лайықты, мықты, қауіпсіз және гүлденген Американы құрмайынша, тынышталмаймын. Бұл, шынымен де, Американың алтын ғасыры болады», — деген жазу бірден көзге түседі.

78 жастағы Трамп 2017-2021 жылдар аралығында АҚШ-тың 45-президенті болған еді. 

Трамптың инаугурациядан кейінгі алғаш қолға алған шараларының бірі АҚШ пен Мексика шекарасында төтенше жағдай жариялау болды. Ол ауқымды иммиграциялық науқанды бастады. АҚШ әскери күштеріне шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, баспана беру мүмкіндігін кең көлемде шектеп, АҚШ аумағында туған балаларға азаматтық беруді шектеу шараларын қабылдады.

«Республикашыл Дональд Трамп Ақ үйге қайта оралып, шекара қауіпсіздігін күшейтіп, рекордтық деңгейде мигранттарды депортациялауға уәде берді. Трамп демократ Байденді президенттік кезінде заңсыз иммиграция деңгейінің жоғары болғаны үшін сынға алды. Алайда, өткен жылы Байден өз саясатын қатайтқан соң және Мексика шекараны бақылауды күшейткеннен кейін, шекараны заңсыз кесіп өткен мигранттардың саны күрт азайды», — деп жазды Reuters басылымы.

Reuters басылымының жазуынша, 78 жастағы президент дүйсенбі күні бұрынғы демократ-президент Джо Байден әкімшілігінің шамамен 80 атқарушылық жарлығын жоятынын мәлімдеді.

Трамп Мексика бұғазының атауын «Америка бұғазы» деп өзгертуге ниетті екенін айтты және Панама каналын бақылауға алуға уәде берді. 

Ол сондай-ақ Құрама Штаттар 2029 жылдың қаңтарында, лауазымдық міндеті аяқталатын мерзімінде Марсқа адам жіберетініне уәде берді.

Сондай-ақ ол өзіне осыған дейін жасалған қастандықты айтып, «Мені Құдай сақтады» деді. Сонымен қатар  «Мен – бітімгермін, соғыстарды, басталмаған соғыстарды да аяқтаймын», — деп те мәлімдеме жасады.

Одан бөлек ол өзінің экономика саласындағы жоспарларын жариялап, инфляцияны азайту, бағаның өсуін тоқтату және АҚШ-тың мұнай өндірісін арттыруға уәде берген. Ол сондай-ақ автокөлік өндірісін дамыту, газ өндіруді күшейту, АҚШ өнеркәсібін дамыту үшін салықтарды азайтып, шетелдік тауарларға тарифтерді көтеруді ұсынды. Сонымен қатар, ол сырттан түсетін табысты басқаратын мекеме құрып, оның «сыртқы көздерден қыруар қаражат жинайтынын» айтты. Үкімет жұмысын тиімді ету үшін жаңа министрлік құру туралы да мәлімдеді.

Трамптың ант қабылдау рәсіміне куә болуға келген халықтың пікірі сан алуан. Бұл туралы Reuters басылымы былай жазды:

 «Олардың көпшілігі АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың ұзақ жылдар бойы қолдаушылары болды, оның «Американы қайтадан ұлы етеді» дегеніне шын жүректен сенетін MAGA қалпақ киген митинг ардагерлері. Кейбіреулер Трамптың сөзін бұрын ешқашан естімеген және қызығушылық танытқан. Кейбіреулер тарихты іс жүзінде көргісі келді. Кейбіреулер оған қарсылық білдірді», — деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жеделхат жолдап, Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сурет: Forbes.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Америка бұғазы» 47-президент Ақ үй Байден Дональд Трамп инаугурация Марсқа адам жіберу мигранттар төтенше жағдай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Әлем жаңалықтары

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

11/05/2025
Әлем жаңалықтары

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.