Белгілі бір әлеуметтік санаты бойынша 10 мың азаматтың ипотекалық қарызы өтелді

Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Бағдарлама аясында 48 мың адам 3%–дан аспайтын мөлшерлемемен 315,8 млрд теңгеге ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылып, 87,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік осал топқа жататын 10 мың азаматтың борышы есептен шығарылған.

Осыған дейін азаматтардың 2004-2009 жылдар аралығындағы қарыздары қамтылған болса, биыл қыркүйектен бастап ипотекалық қарыз алушыларды көп қамту үшін  2010-2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген қарыздар қосылды.

 «Биыл 19 маусымдағы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заң бойынша жылу беру маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарын ғана емес, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу енгізілді», – деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Сурет: inbusiness.kz   

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз