Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 17 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Әлиев тағы да Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей кінәлі екенін мәлімдеді
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/01/2025

Әлиев тағы да Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей кінәлі екенін мәлімдеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында құлаған Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатына Ресейді кінәлап, жауапкершілік солардың мойнында екенін айтты.

Бүгін, 6 қаңтар Президент Әлиев экипаж мүшелерінің отбасылары және апаттан аман қалған бортсеріктермен кездесті.

 «Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануы мен тергеудің толық ашықтығын және адамгершілікпен жүргізілуін сұраймыз», — деді кездесу барысында Президент.

Осыған дейін Әлиев те, Әзербайжан шенеуніктері де ұшаққа алғашқы соққы Ресей аумағында жасалғанын айтқан еді.

«Грозный қаласында ұшақ атып түсірілгеннен кейін «икор операциясы» деп аталатын әуе кеңістігін жабу шарасы жарияланды. Бұл жағдай аймақтағы қылмыстық мәселелердің күрделі екенін көрсетеді. Әдетте, кез келген елдің әуе кеңістігіне қауіп төнген жағдайда, ол дереу жабылады. Әлемнің барлық елдерінде мұндай шаралар бар және әртүрлі атаумен аталады. Ресейде бұл «икор операциясы» деп аталады. Егер Ресейдің әуе кеңістігіне қауіп төнген болса, ұшақтың капитанына бұл туралы дереу хабарлануы керек еді. Әуе кеңістігін бірден жауып, ұшақты кері қайтару қажет. Айта кету керек, апаттан шамамен 10 күн бұрын Грозный маңында осыған ұқсас жағдай орын алып, AZAL-ға тиесілі ұшақ ұшу жолының жартысынан қайтып кеткен. Неге бұл жолы экипажға ескерту жасалмады? Мұны тергеу анықтайды», — деді Әлиев.

Қайғылы оқиғадан жазықсыз адамдар қаза болғанын айта келіп, президент Ресейдің осы жағдайда мән-жайды жасыруға тырысқаны қисынсыз екенін алға тартты. Сондай-ақ қара жәшікті Мемлекетаралық авиациялық комитетте ашуға қарсылық білдіргенін атап өтті.

Ұшақтан табылған қара жәшіктерді Бразилияның әскери-әуе күштері «Әуе апатын зерттеу орталығының» (Cenipa) мамандары оқып жатыр. Мәліметтерді жинақтауға Әзербайжан, Қазақстан, Ресейден үш тергеуші қатысуда.

«Ресейдің мемлекеттік органдары бұл оқиғаны жасырып, қисынсыз нұсқаларға сүйенуі бізді таңғалдырды әрі өкінішті. «Қара жәшіктерді» ашу процесі басталды және біздің талабымызбен бұл жұмыс Бразилияда жүргізіліп жатыр. Ұшақ радиоэлектрондық құралдары арқылы басқарудан шығарылғаны анық. Бірақ не себепті ұшақ Ақтауға бағытталды? Бұл шешімді жергілікті диспетчерлер қабылдады ма, әлде ұшқыштар Ресей әуе кеңістігінде қону мүмкін болмайтынын түсініп, өздері таңдады ма – бұл туралы ақпарат әлі жоқ. Барлық мәліметтер «қара жәшіктер» ашылғаннан кейін белгілі болады», — деді Президент кездесу барысында.

Президенттің сөзінше, Ресей Федерациясының ресми органдары осы трагедияның алғашқы минуттарынан бастап объективті тергеуге тырысқанда «қара жәшіктерді» Мемлекетаралық авиациялық комитетте ашуға келісетін еді.

«Біз бұл құрылыммен ондаған жылдар бойы белсенді жұмыс істеп келдік. Ұйым бұрынғы КСРО аумағындағы авиаапаттарды зерттеумен айналысқан. Алайда істің жасырылуы, оны түсініксіз себептерге, мысалы, құстар немесе газ баллоны секілді сылтауларға жатқызу әрекеттері тергеудің объективтілігіне қатысты үлкен күмән тудырды»,— деді Әлиев.

Апаттан соң ұшақ құлауына әсер етуі мүмкін ықтимал себептерге әртүрлі нұсқа айтылды. Апаттан аман қалған бортсеріктер мұның алдында айтылған нұсқаларды жоққа шығарды. Олар апат болмай тұрып, ұшаққа сырттан сынықтар тигенін айтты.

Ресей тарапы бұл тұста әуе кеңістікте орын алған жағдай үшін кешірім сұрайтынын ғана мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні, сағат 11.30-да Ақтау қаласының Azerbaijan Airlines  әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға ұшу кезінде Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде құлады. Апат ауданы 4 200 шаршы метрді алды. Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. 67 адамның 38-і қаза тапты, 29-ы Ақтаудағы ауруханаға жеткізілді. Әуе кемесінде Қазақстанның 6 азаматы болды, оның біреуі — бала. Қазақстан азаматтарының барлығы да қаза тапты.

 

Сурет: ӘЗЕРТАДЖ агенттігі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Azerbaijan Airlines  әуе компаниясы Embraer 190 Ақтаудағы ұшақ апаты Әзербайжан президенті Баку-Грозный Ильхам Әлиев Қара жәшік Ресей
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.