Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 13 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Сапа»БҚО-да жаңа салынған жол комиссия қабылдауына жетпей шұрық-тесік болды
Нұрлыбек Рахманов Сапа 27/10/2022

БҚО-да жаңа салынған жол комиссия қабылдауына жетпей шұрық-тесік болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының орталығы Казталов ауылы мен Әжібай ауылы арасына салынған жол бір жылға жетпей шұрық-тесік болды. Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған сол ауылдың тұрғыны бізге жолдың тесіліп жатқан фотосын жіберіп, жолдың сапасыз салынғанына наразылық білдірді.

Өткен жылы басталған жол құрылысын «Жайық Сити» ЖШС салған. Бұл жолға облыстық бюджеттен 208 млн теңге қаржы бөлінген. Жолдың техникалық қадағалаушы — «Музтау» ЖШС болса, авторлық қадағалаушы — «STROYCONSALTING» ЖШС.

Казталов ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов жолдың шұрық-тесігі шығып жатқанын  жоққа шығарды.

— Асфальтта құрттай тесіктер бар, бірақ шұрық-тесік боп жатқан ештеңесі жоқ. Біз әлі бұл жолды қабылдаған жоқпыз. Мен мердігер мекеме басшысына жолдың тесік жерлерін қалына келтірмей қабылдамайтынымды айттым. Қолымызда үш жылға дейін жарамды кепілдік хат бар,- дейді ол.

Шенеунік асфальттың тесіліп қалу себебін ауыр жүк көліктері өтуімен байланыстырып отыр.

-Жәнібек ауданы жағына жол салынып жатырғасын бұл жолмен «КамАз» секілді ауыр жүк көліктері көп өтеді. Асфальттың тесілуіне негізгі фактор осы деп ойлаймын. Одан кейін жол құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды. Енді күз мезгілінде салынғасын асфальттың тесіліп қалуына ауа райының да әсері бар шығар,- дейді Артур Берденов.

Оның айтуынша, жоба екі жылға жасақталған. Өткен жылы қаржы аз бөлінуінен тек 1 шақырым, 300 метр жол салынған. Қалған 1 шақырым, 900 метрі  күні кеше аяқталған көрінеді.

Ал Әжібай ауылының әкімі Жігер Жакиев жолдың тесіліп ойдым-ойдым болуына ауыр жүк көліктерінің еш қатысы жоқ екенін айтады.

— Бұл жолдан ауыр техникалар жиі өтіп жатқан жоқ. Жол сапасыз салынғаннан кейін осындай боп жатыр,-деді қысқа ғана пікір білдірген әкім.

Бұл мәселеге қатысты жол құрылысын жүргізген «Жайық Сити» ЖШС басшысы Мереке Молдағалиевке хабарласқан едік, алайда ол қоңырауға жауап бермеді.

Есенжол Елекенов,

sarapshy.info

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО жол Жайық өзені мәселесі Жайық Сити Казталов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасы қашан теңеседі?

31/12/2024
sarapshy.info

Лондонда Бергей Рысқалиевті аңдығандар сотқа тартылып жатыр – БАҚ

29/11/2024
sarapshy.info

Путин мәлімдемесінен кейін Қазақстан үкіметі қауіпсіздік шарасын күшейтуге кірісті

22/11/2024

Жаңа мақалалар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.