2022 жылдан бері мемлекетке 14 млн гектардан астам жер қайтарылған. Бірақ әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге бөліп берген.
2025 жылы ауыл шаруашылығына берілген субсидия көлемі 1 трлн теңгеден асты. Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде барлық түрдегі субсидиялар бойынша берешек көлемі 341,3 млрд теңгені құрап отыр. Оның 152,2 млрд теңгесі несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға тиесілі.
Форумда суару мен ирригациялық желілерді жаңғырту мәселесі көтерілді. Айта кетейік, таяуда БҚО әкімдігі Жайық-Көшім су арнасын жаңарту жұмыстары кезінде өзен жағасындағы ағаштарды отап тастады. Өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының айтуынша, ағаштар оталған аумақ орман алқабына кірмейді.
Биыл Қазақстанда 27 млн тонна астық жиналған. Жуырда Қазақстанның қатты бидай экспорты бір ай ішінде шамамен 4 есе төмендегі анықталды.
Қазақстан қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің 200-ден астам түрін 70 елге экспорттайды, экспорт көлемі 5 млрд доллардан жоғары.
Елден жиі экспорттала бастаған тауарлардың қатарында алма бар. 2025 жылдың 7 айында алма экспорты 7,4 мың тоннаны құраған. Дегенмен экспорт көрсеткіші артса да, ел ішінде алма бағасы бір жылда 20%-ға жуық өскен.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

