Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда алма экспортының өсуі ішкі нарықтағы бағаны қымбаттатты
Дария Ғұмар Шолу 05/10/2025

Қазақстанда алма экспортының өсуі ішкі нарықтағы бағаны қымбаттатты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан 7,4 мың тонна алма экспорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Негізгі экспорттық бағыттардың қатарында Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь бар. Экспорт көрсеткіші артса да, ел ішінде алма бағасы бір жылда 20%-ға жуық өскен.

Биыл Ресейге 7,2 мың тонна алма экспортталды, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,4 есе көп. Тәжікстанға жөнелтілген алма көлемі 1,5 есе өсіп, 23,6 тоннаға жетті. Ал Өзбекстанға экспорт керісінше 7,7 есе азайып, 175 тоннаны құраған. Биыл Қазақстан Беларуське 1,5 тонна алма экспорттаған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24 есе төмен. Осылайша Қазақстаннан шығарылған алманың шамамен 97%-ы Ресей нарығына бағытталғаны анықталды.

2025 жылы Қазақстанға импортталған алма көлемі 1,5 есе азайды. Импорттаушы елдердің қатарында Польша – 33,6 мың тонна, Қытай – 13,6 мың тонна, Иран – 9,6 мың тонна, Өзбекстан – 6,9 мың тонна алма жеткізген.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан алманы Оңтүстік Африка, Грузия, Франция, Нидерланд және Бельгиядан сатып ала бастады. Мысалы 2025 жылы Оңтүстік Африкадан келетін жеміс көлемі 26%-ға артқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Eurasian Legacy ұнының 50 тоннасы АҚШ-қа экспортталды.

Ішкі нарықтағы жағдай

Экспорт көрсеткішінің артуына қарамастан, алманың отандық нарықтағы бағасы қымбаттап келеді. 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда дүкен сөрелерінде алма 19,7%-ға қымбаттап, келісі 843 теңгеге жеткен.

Ең қымбат баға Павлодарда тіркелді – 1000 теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,6%-ға жоғары. Бағаның ең қарқынды өсуі Қарағандыда (+32,2%), Көкшетауда (+32,4%), Петропавлда (+32,8%) және Түркістанда байқалды.

Батыс Қазақстан облысында алманың келісі 774 теңгеге бағаланып, 20 өңірдің ішінен ең төмен көрсеткіштердің бірін құрады.

ОҚЫҢЫЗ: БҚО тұрғындары қонақ шақыруға қанша теңге жұмсайды?

Ал Шымкент пен Қызылордада керісінше, алма бағасы сәйкесінше 1,6 және 6,8%-ға төмендеген.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Азық-түлік бағасы Алма Импорт нарық экспорт
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.