Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды
Дария Ғұмар sarapshy.info 01/08/2025

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

31 шілдеден бастап елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Санақ онлайн форматта 31 тамызға дейін жалғасады. Азаматтар электронды сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында немесе eGovMobile қосымшасы арқылы толтыра алады.

Сауалнама екі бағытта жүргізіледі: бірі – агрокәсіпорындарға, екіншісі – бау-бақша өсіретін немесе мал ұстайтын үй шаруашылықтарына байланысты.

Санақ ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтиды. Тізімде жер мен техниканы пайдалану, жұмыс күші, өнімді сату және тағы басқа бағыттар бар.

Интернет желісі нашар ұстайтын аумақтардың тұрғындары үшін 2684 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті ашылды. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығы кез келген сұрақ бойынша кеңес береді.

Бюро барлық деректердің құпия сақталатынын және полиция органдары мен мемлекеттік мекемелерге берілмейтінін атап өтті.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Агрономия Агроөнеркәсіп Ауыл шаруашылығы Бау-бақша Мал басы Санақ сауалнама Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026
жаңалық

Қазақстанда сиыр етін экспорттайтындарға квота беру талабы өзгереді

06/03/2026
жаңалық

Көлік саласы: табыстың дені қай бағытқа тиесілі?

12/01/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.