Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Қандай өзгерістер бар?
Дария Ғұмар Саясат 31/01/2026

Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Қандай өзгерістер бар?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.

Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияның жаңа жобасын қабылдауды ұсынды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында мәлім болды.

24 қаңтарда Конституция комиссиясының бірінші отырысы өтті. Ата заңға өзгеріс енгізу туралы 20 қаңтарда өткен ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз қозғады.

Айта кетейік, 26 қаңтарда өткен конституциялық реформаның екінші отырысында заңнамалық билікке жауап беретін жаңа орган — құрылтайдың міндеттері талқыланды.

Оқыңыз: Құрылтайдың құқықтық мәртебесі: бірпалаталы парламент қалай құрылады?

Комиссия мүшелері Конституцияның 77 бабын талқылаған, бұл заңның 84%-ын құрайды. Қазіргі кезде комиссия 11 бөлім мен 95 бапты бекітуді ұсынып отыр.

Конституцияның жаңа жобасында этноснаралық және конфессияаралық келісімге басымдық берілетіні айтылған. Сондай-ақ Конституциялық комиссия мемлекет болашағы табиғи ресурстардан емес, адами капиталдан қалыптасатынын атап өтті.

Ата заңның жаңа нұсқасына цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы өзгеріс қосылмақ.

Қоғам қызу талқылаған мемлекеттік тіл туралы бап өзгерізсіз қалды. Бұған дейін қазақстандықтар e-otinish платформасы арқылы қазақ тілін жалғыз мемлекеттік тіл ретінде қалдыруды ұсынса, жаңа Конституцияның 9-2-бабында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» делінген.

Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажырату, білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту де көзделген.

Өзгерістер қатарында вице-президент институтын енгізу бар. Бұл туралы алғаш рет президент 20 қаңтарда сөз қозғады.

Сонымен қатар енді адвокаттардың мәртебесі заңдағы арнайы бап арқылы бекітіледі.

Жаңа Конституция жобасы 11 бөлім мен 95 баптан тұрады, ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы қабылданып жатыр.

Соңғы шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.

 

 

фото: gov.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Екінші ақпарат Конституция Конституциядағы өзгерістер Конституциялық реформа
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.