Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан 1,5 миллиард долларлық еурооблигация шығарды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 04/10/2024

Қазақстан 1,5 миллиард долларлық еурооблигация шығарды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан 2015 жылдан бергі үзілістен кейін алғаш рет АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигациялар нарығына оралып, онжылдық мерзімге 1,5 млрд долларға жететін бағалы қағаздарды 4,714% купон мөлшерлеcімен орналастырды.

Аталған мәмілеге жоғары инвестициялық рейтингі бар мемлекеттерге ғана қолжетімді біркүндік виртуалды роуд-шоудан кейін жол ашылған.

Қаржы министрлігінің дерегінше, бір күннің ішінде АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан 100-ден астам инвестормен кеңес өткізіліп, бұл Қазақстанның және оның экономикалық көрсеткіштеріне халықаралық капитал нарығында сенімді және жоғары дәрежелі эмитент ретінде инвесторлардың елімізге деген қызығушылық пен сенімінің артқанын байқатты.

Сонымен қатар Moody’s агенттігінің Қазақстанның тәуелсіз рейтингін Baa1 деңгейіне дейін бағалауы да бұған оң әсер еткен.

Облигацияларды уақтылы орналастыру арқылы Қаржы министрлігі шығарылымның көлемі мен бағасы бойынша оңтайлы өлшемдерге қол жеткізе алды. Жиынтықты тапсырыстар тұрақты өсімді көрсетіп, 6 млрд долларға жетті. Бұл купон мөлшерлемесі мен кіріс деңгейін – 4,714%, сондай-ақ АҚШ қазынашылық облигацияларына қатысты спрэдті (кез келген активті бір уақытта сату мен сатып алуға байланысты өтінімдердің ең тиімді бағалары арасындағы айырмашылық) 88 базистік пункт мөлшеріне дейін белгілеуге мүмкіндік берді.

«Мұндай спрэд – дамушы елдердің арасында онжылдық дербес облигациялар бойынша рекордтық көрсеткіштердің бірі саналады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Сауд Арабиясы, Чили және Польша сияқты «А» рейтингісі бар бірқатар елдің қайталама деңгейлері 88 базистік тармаққа төмен орналасқан. Осы арқылы шетелдік инвесторлар Қазақстанның қаржы-экономикалық және әлеуметтік саясатына жоғары сенім білдіріп отыр.

Бұл еурооблигациялар шығарылымы еліміздің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсіміне жол ашатынын айта кетейік. Сонымен бірге осы орналастырудың қолайлы шарттары қазақстандық квазимемлекеттік және корпоративтік эмитенттер үшін халықаралық капитал нарығына шығуға бенчмарк (бағдар) бола алады», — деп хабарлады министрлік.

Айтып өтелік, еурооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Аталған мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары ретінде, бірлескен лид-менеджерлері және букраннерлері ретінде Citi, JPMorgan, Societe Generale және қазақстандық ұйымдастырушылар тарапынан BCC Invest АҚ қатысты.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Еурооблигация Инвестициялық рейтингі Купон мөлшерлемеcі Қазақстан Қаржы министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.