Автор: Nargiza Yeres

Қазақстанда соңғы 30 жылда минералды ресурстар қоры едәуір өскен. Атап айтқанда, темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорлары. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның минералдық-шикізат базасында қазіргі уақытта  987 қатты пайдалы қазба бар. «Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барлануда», — деді Қанат Шарлапаев. 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 грамм алтынның құны 44 478,91 теңге болды. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше,…

Read More

Ақтөбе облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жүргізілген мониторинг барысында бірқатар кемшілік анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменті талдау жасаған. Атап айтқанда, биыл Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка автожолы орташа жөнделді. Оған бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген. Алайда жөндеу жұмысы аяқталмай жатып, төрт шақырым жол жарамсыз болып қалған. Мониторинг барысында жобада айналма жол қарастырылмағаны белгілі болды. Мердігер инертті материалдарды жаңа салынған жол жамылғысы арқылы тасымалдаған. Сонымен қатар мердігер компаниямен келісімшарт кезінде кепілдік міндеттемелердің мерзімі екі жыл деп бекітудің орнына тек бір жылға бекітілген. Осы мәселелерді жою үшін Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарап,…

Read More

27 қараша Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында жеті жасар баланы мектеп автобусы қағып кетті. Дәлірек айтсақ, оқыс оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде болды. JAC микроавтобусының жүргізушісі көлікті артқа қарай жүргізген кезде анасымен бірге тұрған баланы байқамай қалған.  Орын алған оқиғаға қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тез тарады. Бейнероликтерде тұрғындардың жанайқайы мен билікке наразылығы көрсетілген. Олар осындай оқиғалардың түбі орын алатынын білгенін, талай мәрте әкімдікке хат жазып, мектеп салуын ескерткендерін айтады. Алайда әкімдіктен ешқандай жауап болмаған. Жаңа мектепті күтіп жүргенімізге 10 жыл болды, дейді тұрғындар. Осы оқиғадан соң «Асыл Арман» тұрғындары жиналып, Қарасай ауданының әкімін шақырды. Бірақ оқиға орнына әкім…

Read More

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті 124 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткен. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов комитет есебіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын талқылағанда, осыны айтты. Қазынашылық жүйесі бастапқыда республикалық бюджетті тиімді басқару үшін құрылған. Кейінгі 30 жылда міндеттері айтарлықтай кеңейді. Алайда аудит барысында бюджет қаражатын басқару мен төлемдерді жүргізуде кемшіліктер анықталды. Бюджет кодексінің бұзылуы Қазынашылық комитеті 2021-2023 жылдары эмиссиялық бағалы қағаздарды жоспарланған көлемнен артық шығарған. Осының салдарынан республикалық бюджеттен бөлінген 124 млрд теңгеден астам қаражат шығын болған. Төлем құжаттарын бақылаудың жеткіліксіздігі Бақылау тек құжаттардың бар-жоғына бағытталған, бірақ олардың заңнамаға сәйкестігі немесе техникалық және авторлық қадағалау белгілерінің болуы…

Read More

2025 жылдан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5%-ға индекстеледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров хабарлады. Министрдің айтуынша, келесі жылға осындай жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 875,1 миллиард теңге бөлінеді. Қазір 2 миллионға жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алып отыр. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға да қолдау көрсетіледі. 1 қарашадағы дерек бойынша 76 мың отбасы (яғни 403 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық зейнетақы мен жәрдемақылар тағы да өседі. Ортақ зейнетақы 8,5%-ға, ал базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%-ға артады. Келесі жылға әлеуметтік төлемдердің 42 түріне…

Read More

Батыс Қазақстан облысы прокурорының ұсынысымен Жоғарғы сот облыстық теннис мектебін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдерді заңсыз деп таныды. Жоғарғы сот прокуратураның пікірін дұрыс деп тауып, жергілікті соттардың шешімдерін өзгерткен. Себебі әкімдік облыстық мәслихаттың келісімін алмаған. Мәслихат қарауына жіберілмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) туралы келісім бюджеттік заңнаманы бұзған. Құжаттағы негізгі кемшіліктер: МЖӘ келісімі мемлекеттің 900 миллион теңгеден астам қаржылық міндеттемелерін қарастырған, бірақ жоба-жоспар мәслихатта талқыланбаған; Жобада жеке кәсіпкердің үлесі небәрі 5%-ды құраса, мемлекеттің үлесі 95%-ға жеткен. Бұл мемлекет мүдделеріне және Қазақстан Президентінің МЖӘ бойынша әділдік принциптеріне қайшы келді. Нәтижесінде облыстық теннис мектебі мемлекеттің құзырында қалды. Жоғарғы сот нысанды сенімгерлік басқаруға беру процесінің…

Read More

Елдегі жол құрылысының қарқынына тұрғындардың көңілі толмайды. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік мониторинг нәтижесінде сапа мәселесі басты орында тұрғанын мәлім болды. 5-25 қараша күндері аралығында өткен сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 5681 тұрғын қатысты. 2024 жылы елде 12 мың шақырым трасса мен 2,5 мың шақырым облысаралық және ауданаралық автожолдар жөнделгенімен, респонденттердің 40%-ы ғана жолдардың жақсарғанын айтты. Мониторингке қатысқандардың 68,5%-ы жол құрылысының қарқынына, ал 70%-дан астамы жөндеу сапасына қанағаттанбайды. Респонденттердің 60%-дан астамы сапасыз жол салдарынан жол апатына түстік деп санайды. Қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселелер: сапалы магистральдардың жетіспеушілігі (58%); тұрғындардың ауданындағы жолдардың сапасы төмен (46%); магистральдарда жарық жоқ және шұңқыр…

Read More

Әлеуметтік желілер қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Бұл платформаларда жасөспірімдер күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде ақпарат алып, өзгелермен қарым-қатынас жасайды. Алайда виртуалды кеңістікте дұрыс емес, деструктивті діни контенттер де кең таралуда. Бұл контенттер жасөспірімдерге кері әсерін тигізіп, олардың жеке өмірі мен болашағына қауіп төндіруде. Осы мақалада деструктивті діни контенттің жасөспірімдерге ықпалының себеп-салдары, оларды қорғаудың маңызы және шешу жолдарын жан-жақты қарастырамыз. Желілерде деструктивті контенттің таралуы Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер бас бермейтін асау іспеттес. Руханият әлемі өте нәзік, оның астарын түсіну қиын. Сондықтан бұл жерде балаң психология тез күйрейтінін, оның иммунитеті жоқ екенін ескеру керек. Деструктивті контенттер тез таралуға неге икемді? Таразылап…

Read More

2025 жылдың қаңтарында «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша кәмелетке толмаған балалардың шотына 100 доллардан астам қаржы түседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 және 2024 жылдар инвестициялық табыс тұрғысынан табысты болған. Осы жылдың 10 айында Ұлттық қорды басқарудан 5,3 млрд доллар пайда түскен, бұл балалар шотына түсетін соманың былтырғыдан артуына ықпал етеді. «Төлем қаңтар айында жасалады. Өткен жылы біз әр балаға шамамен 100 доллар аудардық. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте позитивті уақыт болды. Сол себепті келесі жылдың қаңтар айында сома көп болуы мүмкін», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. …

Read More

Лондонның орталық қылмыстық істер сотында Болгария азаматтарына қатысы болуы мүмкін делінген тыңшылық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Прокуратура күдіктілерді Ресейдің арнайы қызметтерінің тапсырмасымен әрекет еткен деп айыптап отыр. Олар алты операция жүргізген, оның екеуі Қазақстанға қатысты. Бұл туралы Азаттық редакциясы BBC-ге сілтеме жасай отырып, жазды. Айыптаушылардың мәліметінше, 2021 жылдың қарашасында күдіктілер Ұлыбританиядан саяси баспана алған, Қазақстан азаматы бұрынғы саясаткер Бергей Рысқалиевті аңдуға тырысқан. Бұл әрекет Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасын нығайту мақсатында жасалды деп болжанып отыр. Прокуратураның айтуынша, Ресей билігі Қазақстанға «саяси диссиденттерді қудалауда көмек көрсету» арқылы екіжақты қатынастарды жақсартуды көздеген дейді. Қазақстан елшілігіне қарсы әрекет Тағы бір эпизод 2022 жылдың…

Read More