Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен қамалды

Бүгін, 10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл жайлы Ақ Жайық хабарлады.

Ұстауды Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жүргізген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, пара тендерден «откат» болған. Б.Хаменоваға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі («айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Yedilov online telegram-каналында Б.Хаменованың жұмыс кабинетінің мөрленіп тасталған суреті жарияланды.

Аталған telegram-канал: «Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібі бойынша ұсталып, Атырау облысы бойынша ПД УҰИ-ға қамалды. Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев кінәсін толық мойындап, кінәсін мойындауына байланысты қамалған жоқ» деп хабарлады.

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий