Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Air Astana Орал тұрғынына 5 миллион теңге моральдық шығынды өтейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 14/01/2025

Air Astana Орал тұрғынына 5 миллион теңге моральдық шығынды өтейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Air Astana әуе компаниясы 12 жасар қызын Алматы әуежайында рейстен тастап кеткен Жазира Мусинаға 5 миллион теңге моральдық өтемақыны төлейтін болды. Әуе компаниясының аппеляциялық шағымын Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қабылдамады. Бұл туралы «Реплика адвоката»  телеграм арнасы жазды.

«Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешіміне қатысты Air Astana компаниясының апелляциялық шағымын қарау аяқталды. Тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұраған.

Алматы қалалық сотының сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартып, бірінші сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл дегеніміз, баланың анасы бұрынғы сот шешімі бойынша 5 миллион теңге моральдық өтемақы алады», — делінген хабарламада.

Отбасының жеке адвокаты Данильхан Шағатаев бұл жағдайдың шешілуіне қоғамдық талқылаудың әсері болғанын айтады. Оның сөзінше, Жазира Мусина әлеуметтік желіге жазба жарияламас бұрын әуекомпаниясына шағым жолдаған. Алайда компания ұзақ уақыт жауап бермеген. Тек Зеренің анасы әлеуметтік желіге жазба жариялаған соң назар аударған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 20 шілдеде шет елден келе жатқан егіз қыздардың бірі Зерені FlyArystan компаниясы Астанадан Оралға ұшуы тиіс рейсіне жібермей, бортқа кіргізбеген.  12 жасар қызды әуежайда жалғыз қалдырып кеткен. Анасының сөзінше, оның барлық құжаттары дұрыс болған. Екі қыздың анасы Жазира Мусина осы оқиғадан соң сотқа шағымданып, моральдық өтемақы үшін 5 млн теңге талап етеді.

Осыған дейін Air Astana әуе компаниясы Зере есімді қыздың «Астана-Орал» рейсіне жіберілмегені үшін тағайындалған 5 млн теңге моральдық өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін азайтуды сұраған болатын. 

 

Cурет: Air Astana

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Астана-Орал» рейсі Air Astana FlyArystan компаниясы Зере мен Зәуре моральдық өтемақы Түрксіб аудандық соты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025
sarapshy.info

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025
жаңалық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

30/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.