Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр
Нұрлыбек Рахманов жаңалық 17/04/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бізге жеткен ақпараттар бойынша Батыс Қазақстан облысы территориясынан сегіз ұшқышсыз ұшу аппараты мен оның бөлшектері табылды. Осыған байланысты Sarapshy.info редакциясы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауалдар жолдаған болатын. 

Sarapshy.info редакциясына 2025 жылдың ақпан-наурыз айында дрон мен оның бөлшектерінің ауылдарға жақын жерден табылуы бойынша 8 жағдай белгілі:

  1. 27 наурызда Қазталов ауданы, Көктерек ауылдық округіне қарасты Саралжын ауылының территориясында.
  2. 27 наурызда Жәнібек ауданы, Борсы ауылы аумағында
  3. 27 наурызда Жәнібек ауданы, Тау ауылына қарасты аумақта.
  4. 26 наурыз күні Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы аумағынан.
  5. 24 наурыз күні Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылы маңында
  6. 23 наурыз күні Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Абдолла қыстағы маңынан
  7. 18 наурызда Тасқала ауданында дрон құлаған еді.
  8. 18 ақпанда Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы маңынан табылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты көптеген сұрақтар туындап, құзырлы органдарға жолдадық. Соның ең бастылары — Мұндай фактілердің БҚО өңірінде ғана жиілеп кетуіне не себеп? Жыл басынан бері осыған қатысты қандай зерттеулер жасалып жатыр? Отандық әскери сарапшылар тартылды ма? Қай елдердің мамандары зерттеп жатыр? Бұл жағдайлар бойынша қандай шешім қабылданады? Ресей тарапынан ресми жауап бар ма?

Біздің ресми сұрауларымыз біраз жауапты органдардан өтіп, соңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

Олар: «Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлау фактілері бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Анықталған нысандар елді мекендерден алшақ, қашықтағы аумақтардан табылды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталу үстінде» деп жауап берді №ЗТ-2025-01120782 хатта.

Біз келтірген фактілер министрлік тарапынан жоққа да шығарылған жоқ. Тексерулер қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Редакция бұл сұрақтарды жіті назарда ұстайды.

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО-да дрон құлады дрондар Екінші ақпарат Ішкі істер министрлігі құлаған дрондар ұшқышсыз ұшу аппараттары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.