Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»БҚО-да бір ай ішінде төрт дрон табылды
Наргиза Ерес Өте өзекті 26/03/2025

БҚО-да бір ай ішінде төрт дрон табылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО территориясына жыл басынан бері бесінші мәрте, ал соңғы бір ай ішінде төртінші дрон қалдығы табылды. Бүгін, 26 наурыз күні, сағат 10:30 шамасында Жәнібек ауданы, Қамысты ауылдық округі аумағында (Жәнібек ауылынан 55 км қашықтықта) ұшқышсыз ұшатын аппарат бөлшектері табылды. Бұл туралы құзырлы органдарға жергілікті тұрғындар хабарлаған.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен шекарашылар барған.

Осыдан екі күн бұрын, 24 наурыз күні кешкі сағат 22:02-де Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Ұзынкөл ауылынан 5 км жерге белгісіз құрылғы құлаған еді. Бұл жөнінде Жәнібек ауылындағы №21 өрт сөндіру бөлімшесі Жәнібек ауданы полиция бөліміне хабарлаған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Жәнібек ауданының аумағында бірнеше мәрте құлаған дрон бөлшектерінің табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ 23 наурыз күні, сағат 21:30-да Жәнібек ауданының жергілікті атқару органдарына дронның құлағанын Ұзынкөл ауылдық округі Абдолла қыстағының тұрғындары айтқан. Бұл Жәнібек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан.

18 наурызда да Тасқала ауданында дрон құлаған еді.  Герань жазуы бар дронды бұқаралық ақпарат құралдары Иранның Ресейге берген дрондары деді. Shahed-136 және Shahed-131 дрондары Ресейде «Герань-2» және «Герань-1» деген атаумен қолданылады.

18 ақпанда Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылынан 8 шақырым жерге дрон құлады. Кей деректе аппараттың Ресейдің Орлан-10 дронына ұқсайтынын жазса, бір деректе бұл Ресей аумағын атқылаған Украина дрондарының бірі болуы да мүмкін деген болжам айтылды.

Осыған дейін Бөкей Орда аумағына құлаған дрондары Қазақстанның Ресейге жалға берген полигонында сыналып жатқан аппараттар болуы мүмкін деген болжам айтылды. Ал Жәнібек ауылына құлаған дрон бөлшектерінің қайдан келгені белгісіз. Десе де, Жәнібек пен Ұзынкөл аудандары Қазақстан мен Ресей шекарасына өте жақын орналасқан. Бұл аймақтар Ресей Федерациясының Саратов және Волгоград облыстарымен шектеседі.

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Shahed-131 Shahed-136 Абдолла елді мекен Басты ақпарат БҚО БҚО-да дрон құлады Бөкей Орда Герань Герань-2 Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі Тасқала ауданы Ұзынкөл ауылы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Қазақстанда экспорт азайып, импорт ұлғайып келеді

29/06/2025
Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025
Оқиға

Бөкей ордасы ауданында жүк көлігіне пойыз соқтығысты

24/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.