Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 12 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Көлеңкелі экономика»: мигранттар аударған 1 трлн теңге есепте жоқ
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/01/2025

«Көлеңкелі экономика»: мигранттар аударған 1 трлн теңге есепте жоқ

Digital generated image of stack of coins and hour glass over the door
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекет саясатының тиімділігін бағалауға арналған мемлекеттік аудитті аяқтады. Аудит нәтижелері ЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен өткен отырыста қаралды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 28,8%-дан 2023 жылы 17,5%-ға дейін қысқарғанына қарамастан, мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды проблемалар бар. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріне тән 15% көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

«Қазақстан көлеңкелі экономиканың үлесін жалпы ішкі өнімде 15%-ға дейін төмендетуді мақсат етіп отыр, бұл әлемнің дамыған елдеріне тән деңгейге сәйкес келеді», — делінген хабарламада.

Аудиторлардың мәліметі бойынша, бұл саладағы негізгі кедергі – үйлестіру жұмыстарын жүргізетін біртұтас органның болмауы. Бұған дейін бұл функцияны Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) атқарған. Бірақ кейін ол міндет ведомствоның құзіретінен шығарылған. 

«Мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істемейді. Кешенді жоспарлар көлеңкелі экономиканы төмендетуге жеткілікті деңгейде бағытталмаған. Іс-шаралар пысықталмаған, кейбіреулері іс жүзінде орындалмай бақылаудан алынады. Олардың көлеңкелі экономиканың төмендеуіне тигізетін әсеріне бағалау жүргізілмейді. Аудит елімізде жасырын айналым көлемі едәуір екенін көрсетті», — деген мәлімдеме жасады Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.

Аудит деректеріне сәйкес, Қазақстанда жұмыс істеген еңбек мигранттарының ресми түрде тапқан табыстары мен шетелге аударған ақшалары арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

«Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тапқан. Алайда Ұлттық Банктің ақпараты бойынша осы уақыт ішінде олар өз елдеріне жалпы 1 трлн теңге аударған. Яғни, «көлеңкелі» тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер болу ықтималдығы жоғары», — делінген хабарламада.

Аудит нәтижелері бойынша барлығы 74 миллиард теңге көлемінде бюджет шығындары, 18 рәсімдік бұзушылық, 23 жүйелік кемшілік анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖАП көлеңкелі көлік импорты салдарынан бюджетке 71 миллиард теңге шығын келетінін хабарлаған еді.

 

Сурет: Freepik

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Әлихан Смайылов Басты ақпарат бюджет шығыны Жоғары аудиторлық палата Заң бұзушылық Көлеңкелі экономика Мемлекеттік кірісітер комитеті Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026
жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.