Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Қалибеков Арман Талғатұлы тағайындалды.
Қалибеков Арман Талғатұлы 1974 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Тасқала ауданының «Каменка отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» МКҚК директоры;
– Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі;
– Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының директоры;
– ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК директоры;
– Орал қаласының ШЖҚ «№4 қалалақ емханасы» МКК директоры;
– Орал қаласының ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК директоры болып жұмыс жасады.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Тағы да оқу үшін:
БҚО-дағы кадр дағдарысы: соттасқан орынбасар, тергеудегі шенеуніктер, жемқорлық дауы