Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Көлік саласы: табыстың дені қай бағытқа тиесілі?
Дария Ғұмар жаңалық 12/01/2026

Көлік саласы: табыстың дені қай бағытқа тиесілі?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Қазақстанда барлық көлік түрлері арқылы 1,9 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының есебінен белгілі болды.

ҰСБ дерегінше, 2025 жылы жолаушылар тасымалынан түскен табыс 1,5 трлн теңгені құрады. Ал жол ұзындығы 88,9 млрд километрге жетіп, бір жылда 7,4%-ға артқан. қ көлікпен тасымалданған.

Жолаушы айналымы Шымкент пен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында айтарлықтай өскені тіркелді.

Табыстың ең көп бөлігі қай салаға тиесілі?

Ұшақтар арқылы 15,4 млн азаматқа қызмет көрсетілді. Бұл салада өсім 4,8%-ға тең, ал жолаушылардан түсенн табыс 918,1 млрд теңгеге жеткен.

2025 жылы елде әуе рейстерінің кешігуі жиіледі. Қазан-желтоқсан айларында авиация саласында техникалық ақауларға мен әуе кемелерінің мәжбүрлі қонуына байланысты оқиғалар саны артты.

2024 жылдың соңында Air Astana шотында 1 млрд теңгенің жетіспейтіні анықталды. Қазір бұл іс бойынша компанияның бұрынғы қызметкерлері Еркін Исанов, Дәуір Еркенұлы және Ренат Абулханов жауапқа тартылып жатыр. Кірістер бөлімінің басшысы қызметін атқарған Абулханов тергеу кезінде кей шенеуніктер мен лауазымды тұлғаларға билет жеңілдікпен сатылғанын мәлімдеді. Билетті арзан бағамен алғандардың қатарында Air Astana басшысы Питер Фостердің әйелі Татьяна Фостер бар.

Жолаушылардың 98%-ы не арқылы қатынады?

2025 жылы автобус, троллейбус, такси және өзге де көлік түрлерінің қызметіне 1,9 млрд жолаушы жүгінген. Бұл жалпы транспорт қозғалысының 98,1%-ын құрайды. Аталмыш сала 506,4 млрд теңге пайда әкелді.

Теміржол саласы

Теміржол арқылы 19,4 млн жолаушы қатынаған. Аталған көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға төмен. Теміржолдан түскен табыс көлемі 142,4 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, күні бүгін, 12 қаңтарда Ресей теміржолдарының Петропавлдағы бөлімшесіне бағаны қымбаттатқаны үшін айыппұл салынды.

Ішкі су көлігімен 253 мың жолаушы тасымалданып, көрсеткіш 9,5%-ға артқан.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Авиация жолаушылар тасымалы қоғамдық көлік Теміржол Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.