Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде жұмыссыздар үшін Медициналық сақтандыру қорына жарнаны енді әкімдіктер есебінен төлеу міндеттеледі
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 03/09/2024

Елімізде жұмыссыздар үшін Медициналық сақтандыру қорына жарнаны енді әкімдіктер есебінен төлеу міндеттеледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакеті әзірленеді. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.

«Бұл өз кезегінде жүйені толық қаржыландыруды талап етеді. Сондықтан жобада қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында – ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар үшін жарнаны жергілікті бюджет есебінен төлеу, сондай-ақ, жарнаны есептеудегі табыстың жоғары шегі және төлемдердің ставкаларын қайта қарау көзделіп отыр», — деді Дүйсенова.

Заң жобасы осы айдың соңына дейін Үкіметке енгізілмек.

«Сонымен қатар жүйені толық цифрландыру бойынша тиісті Жол картасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Оның аясында, осы жылдың соңына дейін медициналық сақтандыру қорын цифрландыру аяқталады, сонымен бірге келер жылдың соңына дейін бірыңғай Ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланған», — деді ол.

Айта өтейік, Президент мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін әзірлеуді ұсынды.

Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаражат бөлінгенімен, бұл қаржының нәтижесі көрінбейтінін айтты. 

Президент цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін болмайтынын атап өтті.

Еске салсақ, Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудит жүргізіп, кейбір медициналық ұйымдардың қаражатты орынсыз пайдаланғанын анықтаған еді.

Кейбір мекемелер медициналық қызметтерге қордан да, емделушіден де қосарланған төлем алып отырған. Ал енді бір ұйымның жеке орны мен медициналық жабдықтары болмағанына қарамастан, қордан қаражат алып келгені белгілі болды.

Салаға жүргізілген аудит барысында 3,8 трлн теңге болатын қаражат пен активтер қамтылып, 13 ұйымға тексеріс жүргізілген. Тексеріс барысында аудиторлар қор қаражатының орынсыз жұмсалуын анықтаған. Сондай-ақ аудит барысында Ұлттық қор қаражатының созылмалы игерілмеу жағдайлары тіркелген.

«Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылауға тиісті назар аудармайды. Мәселен, Астана бойынша МӘМС шеңберінде екі ірі қызмет көрсетушіге бақылау тексерісі жүргізілді, оларға 179 мың адам бекітілген. Нәтижесінде олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтардың жоқтығы, оларды сағатына жалға алатыны анықталды. Бұл қызмет көрсетуші ЖШС-лардың бірқатар клиникасында жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялары және өздігінен қозғала алмайтын азаматтарды қабылдауға арналған пандустары жоқ», — деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палатадан.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыра келе, аудиторлар шетелге тұрақты тұруға көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілерін де анықтаған.

Осы жағдайлардың барлығын сынға алған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ӘМСҚ бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына сапалы бақылауды қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салған.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 ӘМСҚ ҚР Медициналық көмектің бірыңғай пакеті Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026
Шолу

Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді

14/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.