2024 жылдың банк секторының қорытындысы бойынша басқарма мүшелерінің ең жоғары жалақысы 54,9 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қаржылық есептілік депозитарий хабарлады.
Кестеде екінші деңгейлі банктердің басқарма мүшелеріне төленген барлық сыйақылардың жалпы сомасы, басқармадағы адам саны және бір мүшеге шаққандағы айлық орташа табысы көрсетілген.
Рейтинг көшін RBK банкі бастады – бұл басқарма мүшесінің ай сайынғы орташа жалақысы 50 миллион теңгеден асады.
Тізімнің екінші орнын 7 басқарма қызметкері 47 млн теңге айлық алатын Forte банк иеленді. Жалақы рейтингінің Halyk (37 млн теңге), Altyn (22 млн теңге) және KMF (13 млн) қаржы ұйымдары да бар.
Сұранысқа ие Kaspi.kz басшылары айына шамамен 2 млн теңге табыс табады. Айта кетейік, таяуда Kaspi.kz қолданушыларға алақанмен төлеуге мүмкіндік беретін технологияларын таныстырды.

