Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Kaspi алақанмен төлеу жүйесін іске қосты
Дария Ғұмар жаңалық 01/11/2025

Kaspi алақанмен төлеу жүйесін іске қосты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Енді Қазақстанда телефонсыз және картасыз, тек алақан арқылы төлем жасауға болады. Бұл туралы компанияның Kaspi.kz құрылтайшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеді.

«Бұл – смартфонды шығарып төлеуден де жылдам. Технология Kaspi ID жүйесіндегі сияқты қауіпсіздік шешімдеріне негізделген. Пайдаланушылар өз алақанының деректерін кез келген сәтте өшіре алады», – деді ол Алматыда өткен презентация кезінде.

Kaspi-дың инновациялары қытайлық көшірме ме?

Finmentor.kz телеграм-арнасының жазуынша Қазақстандық Kaspi компаниясының көптеген инновациялық сервистері – Қытайдың бұрыннан бар технологияларының бейімделген нұсқасы. Алақанмен төлеу әдісін 2023 жылы Tencent компаниясы іске қосқан.

Тіпті Kaspi Alaqan-да қолданылған POS-терминалдар – Tencent құрылғыларының Kaspi-дің фирмалық қызыл түсіне боялған түрі.

Компанияның QR арқылы төлем жүйесі, картоматы, POS-терминалдары, Kaspi Дүкен, постаматтар, қоғамдық көліктегі төлем, цифрлық құжат сақтау және Kaspi Мейрамхана сияқты қызметтері Қытайда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан шешімдердің қазақстандық үлгісі ретінде сипатталады.

Аталмыш технология 2025 жылдың желтоқсанында ең алдымен Алматыдағы сауда орталықтарында, кейін бүкіл ел бойынша іске қосылады.

Kaspi.kz есебіне сәйкес, компания 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 535 млрд теңге табыс тапқан.

Айта кетейік, Қазақстандықтар ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы тәулігіне 6,3 трлн теңге жібереді, ал төлем ұйымдары арқылы тауар айналымы 4,6 трлн теңгеге жеткен.

фото: @financekaz/threads.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Kaspi.kz QR арқылы төлем жүйесі Алақанмен төлеу Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.