Орал қаласындағы «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігіндегі дау-дамай басылмай тұр. Саяжай электр қуаты үшін кәсіпорынға 102 млн теңге қарыз. Тұрғындар мәселені шешпеген серіктестік төрағасы Асхат Баетовқа наразы. Баетов бұрынғы төраға Асылбек Қабесовты кінәлап отыр. Серіктестік су төлемін де төлемей отыр. Төрағалар дауынан тұрғындар әбден қажыған. Кикілжің бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Билік органдары бұл мәселені шешуге дәрменсіз.
Автор
-
Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.
Барлығын қарау
