Орал қаласында заңсыз ломбард ашқандарға қатысты іс қозғалды. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу дерегіне сәйкес, «Аванс 07» ЖШС-і азаматтардың зергерлік бұйымдардын кепілге алып, ақша беріп келген. Компанияның тиісті лицензиясы жоқ.
Ломбард «Уральск Золото» дүкенінде бүркемеленген. Қарыз комиссия шарты ретінде рәсімделіп, пайыздық төлем зергерлік бұйымды сақтау үшін төленетін ақы ретінде көрсетілген.
«Аванс 07» азаматтарға 2 мыңнан астам қарыз беріп, 128 млн теңге пайда тапқан. Күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді.
Тергеу жалғасып жатыр.
фото: istockphoto.com

