Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 11 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды
Редакция sarapshy.info 28/06/2025

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда отау көтеретін жастар көбіне тамыз айында неке қияды. Ұлттық бюро статистикасы жариялаған 2015 және 2024 жылдардағы деректерге сүйенсек, дәл осы айда елімізде ең көп неке тіркелді.

Он жылдық статистика бойынша тамызда орта есеппен 14,9 мың жұп отбасын құруға шешім қабылдайды. Рекордтық көрсеткіш 2016 жылға тиесілі. Дәл осы жылы тамыз айында 16,9 мың неке қиылған.

Ал 2015-2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек қазақстандықтар шаңырақ көтеруді қолай көретін айлардың қатарында болса, кейінгі екі жылда қыркүйек маусымға «жол берді». Мәселен, биылғы 2024 жылдың маусым айында 11,6 мың неке тіркелсе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 10,8 мың болған.

Осылайша, 2023 жылдан бері маусым, шілде және тамыз айлары – қазақстандықтарға отбасын құру үшін ең қолайлы кезең болып есептелінеді.

Ал қаңтарда қиылатын неке саны өте аз. Кейінгі он жылда бес рет дәл осы ай неке саны бойынша соңғы орыннан көрінген. Мамыр айында да жұптар отау көтеруге асық емес.

Айта кетерлік жайт, соңғы он жылда ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, COVID-19 пандемиясы кезінде, тіркелген: бар-жоғы — 3,8 мың неке.

фото: ЖИ-генераторы

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Қазақстан неке неке қию Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026
Сарапшы пікірі

Ажырасу туралы емес: неге Қазақстанда неке шарты әлі де сирек құбылыс саналады?

09/02/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.